Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2019 жылғы 6 мамыр № 70/2
Есіл қаласы
2019 жылғы аудан бюджетінің
орындалуы туралы есепті
бекіту туралы
Аудандық бюджеттің орындалуы бойынша уәкілетті орган- «Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің есебін тыңдап және талқылап, аудандық мәслихат, бюджеттік қаржыны тиімді пайдалану бойынша, атқарушы органдардың 2019 жылғы аудандық бюджетті атқару бойынша тиісті жұмыстар жүргізгендігін атап өтті.
Өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2786,3 млн. теңге.
Физикалық көлем индексі – 91,8% (2018 ж. – 3748,2 млн. теңге). Өңдеу өнеркәсібінің көлемі бойынша төмендеуге жол берілді. Төмендеудің себебі 2 ұн тартатын кәсіпорын қызметінің тоқтауы («Есіл-Ұн» және «Есиль-Грейн»).
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 32826,8 млн. теңгеге немесе өткен 2018 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 142,2%-ға өндірілді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің физикалық көлемінің индексі 100,7%, оның ішінде өсімдік шаруашылығы 103,1%, мал шаруашылығы 100,2%.
Негізгі капиталдағы инвестиция 4450,7 млн. теңгені немесе 2018 жылға қарағанда 66,0%-ды құрады. Төмендеуге 2018 жылы сомасы 2,0 миллиард теңге болатын Есіл қаласындағы орталық бу қазандығының құрылысының аяқталуы себеп болып тұр.
Тұрғын үй құрылысының инвистициясы 268,0 теңгені құрады немесе 2018 жылға қарағанда 3,1 есе өсті. 2578 ш.м. тұрғын үй тұрғызылды немесе 2018 жылға қарағанда 108%.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында Бағдарламаның үш бағыты бойынша жіберілген адам саны жоспардан асып тұр: бос жұмыс орындарына 796 адам орналастырылды, жоспар- 501, қысқа мерзімді оқудан 160 адам өтті, жоспар – 120, «Игілік» кредит желісі бойынша 14 жоба қаржыландырылды, жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға және жастар тәжірибесіне жіберу жөніндегі көрсеткіштер орындалды.
Аудан бюджетінің кірістері 100,2%-ға орындалды, жоспар 5153956,2 мың теңге, түскені 5164170,0 мың теңге. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 111,7%-ға орындалды (жоспар 36346 мың теңге, нақты – 40589,3 мың теңге). Трансферттер түсімдері 4149305,6 мың теңгені құрады, 100%-ға игерілді.
Түзету енгізілген бюджет бойынша аудандық бюджеттің шығындары 5159777,0 мың теңгені құрады немесе 99,8%. 2019 жылдың басына бюджет қаржыларының бос қалдығы 94260,7 мың теңгені құрады және сумен қамтамасыз ету жүйесінің ЖСҚ әзірлеуге және Свободный ауылының бу қазандығының жылу желісінің ағымдағы жөндеуіне, Ақсай ауылының сумен қамтамасыз ету желісін қайта жасауының ЖСҚ әзірлеуге, Есіл қаласының жылумен қамту желісіне көмір алуға және басқаларға жіберілді.
Есіл қаласының жолдарының ағымдағы жөндеуіне 105,7 млн. теңге, оның ішінде облыстық бюджет қаражаты есебінен 50,0 млн. теңге, аудандық бюджеттен -55,7 млн. теңге бөлінді. 100% игерілді.
Двуречный ауылын сумен қамтамасыз ету желісін қайта жасауға жоғары тұрған бюджеттен – 274,2 млн. теңге және Курское ауылына – 351,5 млн. теңге бөлінді.
Аудандық бюджет қаражаты есебінен «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 14,0 млн. теңге бөлінді, оның ішінде: Ковыльное ауылының қамтамасыз ету жүйесінің ағымдағы жөндеуіне – 1,5 млн. теңге, Жаныспай ауылына – 1,5 млн. теңге, Красивое ауылына – 3,0 млн. теңге, Сұрған ауылына – 8,0 млн. теңге. Игерілу 100%-ды құрады.
Сонымен қатар, Есіл аудандық мәслихаты, жеке түсімдерді дұрыс жоспарламағандықтан, мемлекеттік органдар жергілікті бюджеттің кірістерінің негізделіп жоспарлануы мен сапалы орындалуын толық қамтамасыз етпей отыр деп атап өтті.
1.01.20 ж. аудан бюджетіне берешек 12961,6 мың теңгені құрады және өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 9026,1 мың теңгеге өсті.
Аудан аумағын дамыту бағдарламасының жеке нысаналы индикаторларына қол жеткізбеуге және 2019 жылғы іс-шаралар жоспарларының жеке іс-шараларының орындалмауына байланысты 78,1%-ға орындалды, яғни 32 нысаналы индикатордың 25-і ғана орындалды.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 132 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің 2019 жылғы Есіл ауданының бюджетінің орындалуы туралы» есебін негізге ала отырып, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер 5153956,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша 923826,0 мың теңге,
салықтық емес түсімдер бойынша 44478,6 теңге,
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 36346,0 мың теңге,
трансферттер түсімдері бойынша 4149305,6 мың теңге;
2) шығындар 5170626,6мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу (-20944,9) - мың теңге, оның ішінде:
бюджеттiк кредиттер 3788,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 24732,9 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 86000,0мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін алу 86000,0 мың теңге,
5) бюджет тапшылығы (профицит) (-81725,5) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) 81725,5 мың теңге.
1) аудан әкімдігіне:
- әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға үздік және тиімді қол жеткізудің қажеттігінен туындайтын, тікелей және соңғы нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған, бюджетті әзірлеуді және орындауды қамтамасыз ету;
-бюджет қаржыларын пайдалануда, ҚР Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес аумақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда жіберілген бұзушылықтары үшін мемлекеттік мекеме басшыларының жауапкершіліктерін қарау;
2) «Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ:
- бюджеттік бағдарламалардың жоспарлануына және орындалу нәтижелеріне қол жеткізуге, сонымен қатар мүдделі мемлекеттік орган жұмыстарын үйлестіру бойынша бюджет қаржыларын тиімді пайдалануға бақылауды күшейту;
-2016-2020 жылдарға арналған Есіл ауданы аумағын дамыту бағдарламасына әділ және сапалы мониторинг жүргізу;
3) бюджеттік бағдарлама әкімшіліктерінің бюджет қаржысының нысаналы және тиімді игерілуіне жеке жауапкершіліктерін көтеру, нысаналы трансферттердің сапалы игерілуіне баса назар аудару.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
А. Жорабек С. Ағымбаева