Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2020 жылғы 17 сәуір № 69/3
Есіл қаласы
Есіл аудандық мәслихатының 2016
жылғы 23 қарашадағы № 8/7
Есіл ауданы әкімдігі жанындағы
құқық бұзушылықтың алдын
алу жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамын бекіту туралы
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Есіл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № а-4/172 қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
комиссия құрамына енгізілсін:
Ахметжанов Талғат Рашитұлы – «Есіл ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы, комиссия мүшесі;
«Саматов Нұрлан Мәжитұлы, «Есіл ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы» сөздері «Саматов Нұрлан Мәжитұлы, Есіл ауданы әкімінің орынбасары» сөздеріне ауыстырылсын.
«Құлбұлдин Бауыржан Мүбаракұлы, Ақмола облысының Әділет департаменті Есіл ауданының Әділет басқармасының басшысы» сөздері «Құлбұлдин Бауыржан Мүбаракұлы, Ақмола облысының Әділет департаментінің Есіл ауданаралық Әділет басқармасының басшысы» сөздеріне ауыстырылсын.
Сессия төрайымы,
аудандық мәслихат хатшысы С. Ағымбаева