Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2020 жылғы 17 сәуір № 69/2
Есіл қаласы
Есіл аудандық мәслихатының
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 62/2 «2020-2022 жылдарға
арналған аудандық бюджет туралы
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, 111 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 5425457 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 800767 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 13676 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 22559 мың теңге;
трансферттер түсімі 4588455 мың теңге;
2) шығындар 5891530,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 234 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттiк кредиттер 3976 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 3742 мың теңге
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 5875 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 5875 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (- 472182,4) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 472182,4 мың теңге.
10 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«10. 2020 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 14300 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4, 5, 6 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын
Сессия төрайымы,
аудандық мәслихат хатшысы С. Ағымбаева
|
|
|
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Есіл ауданының әкімдігі