Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша, Есіл ауданының атқарушы органдарының жүргізіп жатқан жұмыстары туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

2020 жылғы 27 наурыз                                                                                           № 68/3

 Есіл  қаласы                                                                                              

 

Мемлекеттік қызмет көрсету

сапасын көтеру бойынша, Есіл

ауданының атқарушы органдарының 

жүргізіп жатқан жұмыстары туралы

 

Есіл ауданы әкімі аппаратының   мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің (бұдан әрі -  мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімі) басшысы  Л.А. Гахованың «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша, Есіл ауданының атқарушы органдарының  жүргізіп жатқан жұмыстары туралы» ақпаратын тыңдап және талқылай келе, аудандық мәслихат осы бағытта белгілі жұмыстардың атқарылып жатқандығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 18 қыркүйектегі  № 983, 69 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар Мемлекеттік қызмет реестріне сәйкес мемлекеттік қызметтің 98 түрін көрсетеді.

2019 жыл ішінде  жергілікті атқарушы органдар 12533 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның: «Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет»Мемлекеттік орпорациясы ҰАҚ Есіл аудандық филиалының халыққа қызмет көрсету жөніндегі бөлімі арқылы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)- 2856, «электронды үкімет» порталының көмегімен-2786, тікелей мем лекеттік орган арқылы – 6891.

2019 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес:

  • «Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету жоспары 80% орныдалғаны 72,3%.
  • Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету жоспары 97% орныдалғаны 93,2%.

Мемлекеттік қызмет көрсету  баламалы негізінің себебінен орындалмай отыр.

  • Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет көрсетуші қызметкерлермен техникалық оқу жүргізілді (174 қызметкер);
  • Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін, мемлекеттік қызмет көрсету талаптарын бұзушылықтар құжат қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетуде негізделмеген бас тартушылықтар анықталған жоқ;
  • «Электронды үкімет» порталын көпшілікке тарату бойынша елді мекендерде 19 баннер орнатылды;
  • Мемлекеттік қызмет көрсетудің 19 жәрмеңкесі өткізілді.

Барлық ауылдар, ауылдық округтер және Красногорский кентінде тұрғындар өз бетімен электронды көмек ала алатын е-gov бұрыштары орнатылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында  ҚР  заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау шаралары жоспарына сәйкес 2019 жылы  мемлекеттік қызмет көрсететін 15 мемлекеттік органда  бақылау іс-шаралары өткізілді.

Құжаттар пакеті толық болмаған, немесе құжаттар мемлекеттік қызмет стандарттарымен көзделмеген кезде мемлекеттік қызмет көрсету фактілері, сонымен қатар  қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімімен  Мемлекеттік корпорация бірлесіп, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының, мемлекеттік органдардың  жауапты мамандары арасында «электронды үкімет» порталы арқылы  элетронды мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша дөңгелек столдар, сонымен қатар еGov mobile  қосымшасының көмегімен  оқыту семинарлары өткізіліп тұрады.

Жоғарыда баяндалғандарды негізге алао тырып, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Есіл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің (бұдан әрі -  мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімі) басшысы  Л.А. Гахованың «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша, Есіл ауданының атқарушы органдарының  жүргізіп жатқан жұмыстары туралы» ақпараты еске алынсын.
  2. Мемлекеттік корпорацияның мемлекеттік қызмет көрсететін Есіл қаласының, ауылдардың, ауылдық округтердің, Красногорский кентінің әкімдеріне мынадай шаралар қолдану ұсынылсын:
  • мемлекеттік қызмет көрсетудің жоспарлы көрсеткіштерін орындауды қамтамасыз ету, оның ішінде 2020 жылға арналған Мемлекеттік корпорация, «Электронды үкімет» порталы арқылы;
  • «Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу мүмкіндіктері туралы халыққа ақпарат беруді көтеру;
  • мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына ішкі бақылауды қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормаларын сақтау;
  • Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № А-9/459 «Ақмола облысында  мемлекеттік қызмет көрсетудің  сапасын көтеру жөнінде қабылданған шаралар туралы» қаулысын орындау.
  1. Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Аудандық мәслихат                                                        Аудандық

сессиясының төрайымы                                                 мәслихат  хатшысы 

Л. Клименко                                                                       С. Ағымбаева

 

 

Дата публикации
09 ноября 2020
Дата обновления
09 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
08 августа 2022
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарларына
Ақпарат
03 февраля 2022
Бүкіләлемдік сайлау күні

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы