Меню

Страницы

Статья

Есіл ауданында «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

2020 жылғы 27 наурыз                                                                                           № 68/2

 Есіл  қаласы                                                                                              

 

 

Есіл ауданында «Қазақстан 2020:

болашаққа жол» Қазақстан

Республикасы мемлекеттік жастар

саясатының 2020 жылға дейінгі

тұжырымдамасын іске асыру туралы

 

 

 

         «Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»  мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы З.Қ. Тасмағамбетованың «Есіл ауданында  «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі  тұжырымдамасын іске асыру туралы» ақпаратын тыңдап және талқылай келе, аудандық мәслихат осы бағытта белгілі жұмыстардың атқарылып жатқандығын атап өтті.

2014 жылдың ақпанынан бастап ауданда «Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді. Жастармен істелетін жұмыстың негізгі нысаны  атаулы көмек, кеңестік көмек көрсету,  жас адамдардың талаптарын негізге ала отырып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру,  бос уақытты ұйымдастыру, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, жастардың еріктілігін дамыту және жастардың жұмысқа орналасуына көмектесу.

Есіл ауданында халық саны 24 039 адамды құрайды, оның ішінде 14-тен 29-ға дейінгі жастар 4 989 адам (20,8%): 2156- қала және 2833- ауылда.

Жастар арасындағы гендерлік  қатынас – 2731 ерлер, және 2258- әйелдер. 21-ден 29 жасқа дейінгі жастар 2661 адам, оның ішінде жұмиыс істейтіндер – 2234 (83,9%) және жұмыс істемейтінде – 327 (12,1%).

2019 жылы ауданда 115 іс-шара өткізілді, қатысушылардың жалпы саны- 5492 адам (қаржыландырылды – 10057,0 м.т.; іс-шара – 2836,0 м.т.; ұстауға – 7221,0 м.т.).

Аудан жастары айрықша оқиғаларды, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді атап өту аясындағы  барлық іс-шараларға белсене қатысады.

Қаржыландырусыз мынадай бірқатар шаралар өткізілді: балалардың қолдан жасаған бұйымдарының қайырымдылық акциясы (1 наурыз), дикотека (16 тамыз), жаппай сату қайырымдылық жәрмеңкесі (29 тамыз), сонымен қатар қымбат емге мұқтаж  оқушыға  ақшалай қаржы жинау мақсатында ұйымдастырылған «Үздік мектеп»  іс-шарасы, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алуға арналған «Жарқын бейне» қалалық акциясы, Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналған «Нашадан бас тарт»  акциясы.

Ресурс орталығы 117 кеңес берді. Оның ішінде мына бағыттар бойынша:  психологиялық -5, еңбекке орналасу бойынша – 84, заңгерлік – 9,  мемлекеттік бағдарламалар бойынша – 19.

Әлеуметтік желілердегі жұмыстар белсенді атқарылады, ЖРО мынадай беттері мен топтары бар: ВК, Мой мир, Фейсбук, Инстаграм. Мына әлеуметтік желілердегі  топ әкімшіліктерімен үнемі әңгімелер жүргізіліп тұрады: «Есиль в контакте», «Сельфи Есиль», «СтритВоркаут Есиль», «Лучший кавет Исполнитель», «Лучший танец» және т.б.

Есепті кезеңге жастардың өз өмір жолын таңдауға мүмкіндігін кеңейте отырып және жеке табысқа қол жеткізу мақсатында Есіл ауданы жастарының әлеуметтік, мәдени, рухани және жеке басының дамуына көмектесу мақсатында  ауданда барлығы 115 әр түрлі іс-шаралар өткізілді.

Жоғарыда баяндалғандарды негізге ала отырып, Есіл аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:
  • «Есіл ауданында «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі  тұжырымдамасын іске асыру жұмысы жалғастырылсын;
  • Есіл ауданының ювеналды полициясының профилактикалық есебінде тұратынжасөспірімдерді «берекесіз», «жұмыс істемейтін жастар» патриоттық іс-шараларын өткізуге қатыстыру;
  • өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, сонымен қатар волонтерлық қозғалысты дамыту есебінде демалыс уақыттарында аулалық клуб желілерін дамытуға көмектесу;
  • жалпы білім беретін мектеп, № 7 агротехникалық колледж оқушылары арасында келешек әскерге шақырылушылардың моральдық және жеке дайындықтарының деңгейлерін  көтеруге назар аудара отырып, әскерде қызмет етуге дайындық жөнінде   тәрбие жұмыстарын жүргізу;
  • жаңа адамгершілік бағдарды қалыптастыру бойынша мынадай жұмыстар жүргізілсін: білім ғибадаты және кәсіпқойлық, денсаулыққа сындарлы көзқарас, жаңа және өзгерісті оң қабылдау, экологиялық түсінік;
  • отбасылық құндылыққа құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған  іс-шараларды белсендіру, отбасында тұрақты моральды-адамгершілік жағдайды қалыптастыру, қарт адамдарға ерекше құрмет көрсету, балаларға нәзік сезіммен қарау.
  1. Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихат                                                        Аудандық

сессиясының төрайымы                                                 мәслихат  хатшысы 

 

Л. Клименко                                                  С. Ағымбаева

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 ноября 2020
Дата обновления
09 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
08 августа 2022
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарларына
Ақпарат
03 февраля 2022
Бүкіләлемдік сайлау күні

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы