Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2020 жылғы 27 наурыз № 68/1
Есіл қаласы
Аудандық мәслихаттың
кезекті сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сессияның келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Есіл ауданында «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру туралы
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша, Есіл ауданының атқарушы органдарының жүргізіп жатқан жұмыстары туралы
- Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 45/10 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Діни экстремизм және терроризмге қарсы аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының құрамын бекіту туралы
- Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 45/8 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Есіл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 қазандағы № 18/4 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы тіл саясаты жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 22/3 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға арналған комиссияның құрамын бекіту туралы
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының негізгі мәселелері туралы
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы туралы
Аудандық мәслихат Аудандық
сессиясының төрайымы мәслихат хатшысы
Л. Клименко С. Ағымбаева