«Есіл ауданы әкімдігінің
аппараты» ММ
Ақмола облысы Есіл қаласы
Қонаев көшесі, 6
2020 жылғы 17 наурызы
№ а-3/146
«Есіл ауданының мәслихат
аппараты» ММ
Ақмола облысы, Есілауданы,
Есіл қ. Конаев к. 6
2020 жылғы 17 наурызы
№ 67/4
Есіл ауданының Есіл
қаласының көшелерін және
шағын ауданын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 8 қазандағы қортындысы негізінде, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
СПТУ-6, Пивзавод, ПЛ-7 және Подстанция көшелері Жастар шағын ауданына;
Дистанционная және Тупиковая көшелері Әйтеке би көшесіне;
Нефтебаза көшесін Мәншүк Мәметова көшесіне;
Зеленая және ДСУ 446 көшелері Ақан сері көшесіне;
Мичурин көшесін Төле би көшесіне;
Бейбітшілік көшесін Қазыбек би көшесіне;
Энергетиков көшесін Абылай хан көшесіне;
Московская және Щорс көшелері Ишхан Сарибекян көшесіне;
Фрунзе көшесін Амангелді Иманов көшесіне;
Ростовская және АТК көшелері Бауыржан Момышұлы көшесіне;
Мирный шағын ауданы Бейбітшілік шағын ауданына.
Аудан әкімі С. Балжанов
сессия төрайымы Л. Клименко
хатшысы С. Ағымбаева