Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2020 жылғы 17 наурыз № 67/2
Есіл қаласы
Есіл аудандық мәслихатының
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 62/2 «2020-2022 жылдарға
арналған аудандық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 5216031 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 800767 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 13676 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 22559 мың теңге;
трансферттер түсімі 4379029 мың теңге;
2) шығындар 5217598,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 234 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттiк кредиттер 3976 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 3742 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (- 1801,8) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 1801,8 мың теңге.»;
4 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«4. 2020 жылға арналған аудандық бюджетте, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар көлемдері 200334 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
Ақсай ауылына 11880 мың теңге;
Бұзылық ауылдық округіне 13377 мың теңге;
Двуречный ауылдық округіне 17244 мың теңге;
Жаныспай ауылдық округіне 11321 мың теңге;
Заречный ауылдық округіне 12643 мың теңге;
Знаменка ауылына 9739 мың теңге;
Интернациональный ауылдық округіне 10251 мың тенге;
Қаракөл ауылдық округіне 12869 мың теңге;
Красивинский ауылдық округіне 26831 мың теңге;
Красногорский кентіне 18493 мың теңге;
Московский ауылына 11064 мың теңге;
Орловка ауылына 10454 мың теңге;
Свободный ауылдық округіне 22845 мың теңге;
Юбилейный ауылдық округіне 11323 мың теңге.»;
10 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«10. 2020 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 1500 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 6 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Есіл ауданының әкімдігі