Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2020 жылғы 3 наурыз № 65/2
Есіл қаласы
Есіл аудандық мәслихатының
2019 жылғы 19 ақпандағы № 45/2
«Есіл ауданының әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
11 тармақтың 2) тармақшасының 4 азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
«бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
14 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса Үлгілік қағидаларға сәйкес құжаттарды ұсынады.».
Аудандық мәслихат Аудандық
сессиясының төрайымы мәслихат хатшысы
Л. Клименко С. Ағымбаева
«КЕЛІСІЛДІ»
Есіл ауданының әкімдігі