Меню

Страницы

Статья

Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 44/2 «Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 

2020 жылғы 27 қаңтар                                                                                            № 64/2

 Есіл  қаласы                                                                                              

 

 

Есіл аудандық мәслихатының

2019 жылғы 18 қаңтардағы

№ 44/2 «Есіл ауданында тұратын,

аз қамтылған отбасыларға

(азаматтарға) тұрғын үй көмегін

көрсету тәртібін және мөлшерін

айқындау туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Есіл аудандық мәслихатының «Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 44/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7055 тіркелген, 2019 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«2. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.»;

4 тармақтың екінші азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:

«Тұрғын үй көмегін тағайындау құжаттарды берген айдан бастап толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бұл ретте отбасының (азаматтың) жиынтық кірісі тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның  алдындағы тоқсан бойынша есептеледі, мыналарды қоспағанда:»;

7 тармақ алынып тасталсын.

  1. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат                                                    Аудандық

сессиясының төрайымы                                             мәслихат  хатшысы 

 

Л. Клименко                                                  С. Ағымбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Есіл ауданының әкімдігі

 

 

 

Дата публикации
06 ноября 2020
Дата обновления
06 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
08 августа 2022
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарларына
Ақпарат
03 февраля 2022
Бүкіләлемдік сайлау күні

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы