2026 жылғы су тасқыны кезеңіне Есіл ауданының ТЖ жұмысы туралы

Есіл аудандық мәслихатының экономика және бюджет,

әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығы, заңдылық

және құқықтық тұрақты комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 Есіл қ.                                                                   2025 жылғы 23 қыркүйек

2026 жылғы су тасқыны

кезеңіне Есіл ауданының

ТЖ жұмысы туралы

Есіл ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы А.Ж. Батишовтың «2026 жылғы су тасқыны кезеңіне Есіл ауданының ТЖ жұмысы туралы» туралы ақпаратын тыңдап, талқылай отырып, тұрақты комиссия атап өтті:

2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық Есіл ауданында кешенді жоспарға сәйкес жүргізіледі (облыс әкімімен 2025 жылғы 15 мамырдағы бекітілген).

Бұл жоспарға 4 елді мекен кірді: Есіл қаласы, Двуречное ауылы, Курское ауылы, Московский ауылы.

Өткізілген іс-шаралар:

         Есіл қ. автомобиль жолдарында қосымша су өткізу құрылыстары (ДПС) орнатылды. Жұмыстар келесі учаскелер бойынша жүргізілді:

         - Абылай хан - Ғарышкерлер көшесі (жаңа үйлерге автожол);

- Макаренко - Ғарышкерлер көшелерінің қиылысы;

- Ғарышкерлер көшесіндегі учаске (№5 және 9 үйлер арасында);

- Ғарышкелер көшесіндегі учаске (Аурика жанармай құю бекеті ауданы);

- «Солтүстік» шағын ауданындағы учаске;

- Агротехникалық колледж ауданы автожолындағы учаске;    

Орнатылған су өткізгіш құрылыстардың өлшем диаметрі 90 см - ден 1,5 м-ге дейін, құрылыстардың ұзындығы 7-ден 12 метрге дейін өзгереді.     

- Макаренко 16 «а» көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің бойында жер білігін  жайластыру жұмыстары аяқталды;

 - Ғарышкерлер көшесіндегі су бұру арнасын тереңдету және тазарту жұмыстары аяқталды (ұзындығы 1510 метр);

- «Солтустык» шағын ауданында (ұзындығы 300 м, ені 2 м, биіктігі 1,5 м) жер білігін жайластыру жұмыстары аяқталды.;

- Масковский ауылында Жаңыспай өзені бойындағы су бұру арнасын кеңейту және тереңдету бойынша жұмыстар аяқталды (ұзындығы 100 метр, тереңдігі 2 м, ені 3 м).

- Әуезов көшесіндегі су бұру каналын тереңдету және тазарту жұмыстары аяқталды.

Курский ауылында су басу аймағына кіретін тұрғын үйлердің бойында (ұзындығы 800 метр, ені 3 метр) үйінді салу жұмыстары аяқталды.

Бүгінгі таңда Двуречное ауылында қолданыстағы жер білігін нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біліктің ұзындығы - 3 км, ені - 3 метр, биіктігі-4 метрді құрайды.

Қазіргі уақытта аудандық бюджет қаражаты есебінен сатып алынды:

- өрт сөндіру жеңдері -60 дана (1200 метр).

- тіркеме мотопомпасы-1 бірлік.; 

Қосымша, мәслихат сессиясы өткізілгеннен кейін және ақшалай қаражат бөлінгеннен кейін сатып алынатын болады:

         - қаптар -20 000 дана;

- тасымалды мотопомпалар -2 бірлік;   

Кешенді жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыру бойынша барлық жұмыс жоспарлы тәртіппен жүргізіледі. Барлық жоспарланған іс-шаралар, сондай-ақ қажетті жабдықтарды сатып алу белгіленген мерзімде орындалады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Есіл аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. ЕсілауданыәкіміаппаратыныңжұмылдырудайындығыбөлімініңбасшысыА.Ж. Батишовтың ақпараты назарға алынсын.
  2. Айта кетейік, 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық 2025 жылғы 15 мамырдағы облыс әкімі бекіткен Кешенді жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқандығы атап өтілді.

3.Ұсынылсын:

         - еріген және тасқын сулардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықты және инфрақұрылым объектілерін ықтимал табиғи апаттардан қорғау мақсатында кешенді жоспарға сәйкес су тасқыны кезеңіне дайындықты жалғастырсын;

         - қажетті жабдық белгіленген мерзімде сатып алынсын.

  Тұрақты комиссия төрағасы                                                Т.Әділбаев

Дата публикации
21 октября 2025