Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2025 жылғы 23 қыркүйек № 8С-38/10
Есіл қаласы
Есіл аудандық мәслихатының
2024 жылғы 23 қазандағы
№ 8С-28/12 «Ақмола облысы
Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы
жер комиссиясының құрамын
бекіту туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 15-бабы 1-тармағының 5-3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес және Есіл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № А-8/181 қаулысы негізінде, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
комиссия құрамына енгізсін:
Қайрат Нұрланұлы Ахметжанов – «Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы;
көрсетілген құрамнан шығарылсын: В.А. Самойленко;
«Ержан Ермекбайұлы Тынымбаев – «Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы, комиссия мүшесі» сөздері «Ержан Ермекбайұлы Тынымбаев – «Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия мүшесі» сөздеріне ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Есіл аудандық мәслихаты
төрайымының өкілеттігін
уақытша жүзеге асырушы Е.Челюбеева
Есіл аудандық мәслихатының
2025 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 8С-38/10 шешіміне
қосымша
Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссияның құрамы
|
Жүнісов Асылхан Теміртасұлы |
Есіл ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
|
|
Ахметжанов Қайрат Нұрланұлы |
«Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы |
|
Комиссия мүшелері:
|
|
|
Ахметов Мұрат Сапарбекұлы |
«Есіл Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша)
|
|
Болданов Дамир Саруарұлы |
Есіл аудандық мәслихатының депутаты, «Тней-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша)
|
|
Бейсен Бақытжан Мерекеұлы
Давидович Сергей Сергеевич |
«Күнсұлу» шаруа қожалығының басшысы (келісу бойынша)
«Вера» шаруа қожалығының басшысы (келісу бойынша) |
|
|
|
|
Жұмабаева Айнұр Қонқашқызы
|
«Айнұр» жеке кісіпкер басшысы (келісу бойынша)
|
|
Қыстаубаев Бари Набиұлы |
Есіл қаласының жергілікті қоғамдастық мүшесі (келісу бойынша)
|
|
Сәдуақасов Ислямбек Сақтапбергенұлы |
«Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісу бойынша)
|
|
Саржевская Ярославна Анатольевна |
Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы Есіл ауданы филиалының директоры (келісу бойынша)
|
|
Рахманова Инна Владимировна |
«Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы
|
|
Тынымбаев Ержан Ермекбайұлы |
«Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Есіл ауданының Есіл қаласы әкімі (әкімнің міндетін атқарушы), Красногорский кенті әкімі (әкімнің міндетін атқарушы), ауылдар мен ауылдық округтер әкімдері (әкімдердің міндетін атқарушы) және жергілікті қоғамдастық жиналысымен берілген Есіл қаласы, Красногорский кенті, ауылдар мен ауылдық округтердің жергілікті тұрғындарының (елді мекеннен бір адам) өкілдері комиссия мүшелері болып табылады және оларға ведомстволық бағынысты қала, кент, ауылдар және ауылдық округтердің әкімшілік-аумақтық шекараларында орналасқан Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес жер учаскелері берілген жағдайларда қатысады.