Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2025 жылғы 23 қыркүйек № 8С-38/2
Есіл қаласы
Есіл ауданы әкімінің өзіне
жүктелген функциялар мен міндеттердің
орындалуы жөніндегі есебі туралы
Есіл ауданының әкімі Балжанов Серік Мырзасейтұлының есебін тыңдап, талқылағаннан кейін аудандық мәслихат ауданның атқарушы органдарының қызметі экономикалық тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
01.07.2025 ж. өнеркәсіптік өнім (тауарлар, қызметтер) өндіру көлемі 2045,3 млн. теңгені құрайды. НКИ 94,3% деңгейінде.
Ағымдағы жылы Есіл ауданы бойынша жаздық егіс – 483,0 мың га немесе жоспарға 102,9% – 477,1 мың га құрады.
Есіл қаласында көше-жол желісінің жағдайын жақсарту мақсатында ағымдағы жылы Школьная көшесіндегі автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізілді, сондай-ақ «Сурған-Знаменка-Заречное» автожолына инертті материал төгілді. Красивое ауылында «Мерген» ШҚ және «Жаңатлек» ШҚШ шаруашылықтарымен Целинная, Новая, Октябрьская көшелерінде, сондай-ақ Красивое станцияға кіре берісте автотрассадан жолдар төселді.
Негізгі басымдықтардың қатарында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қалып отыр. Игілік ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде (жұмыстар 2022 жылы басталған). «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылы Заречное және Дальнее ауылдарын сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту жұмыстары басталды. Жобаны іске асыру барысында құрылыс жұмыстарының көлемін нақтылау қажеттілігі туындады. Бұл Дальнее ауылының жергілікті қоғамдастығының шешімімен осы аумақта су құбырын салудан бас тарту туралы хаттама ұсынылғандығына байланысты. Осыған байланысты, жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізу туралы өтінішпен авторлық қадағалау атына ресми хат жолданды. Осылайша, ағымдағы кезеңде халықтың жаңа жағдайлары мен қажеттіліктерін ескере отырып, жобалық шешімдерді өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жобаны іске асыру жаңартылған жұмыс көлеміне және қолжетімді қаржыландыруға сәйкес жалғастырылатын болады.
Знаменка ауылында 822,1 млн. теңгеге және Красивое ауылында 878,6 млн. теңгеге сумен жабдықтау жүйесін қайта құру бойынша жобалар аяқталды.
Білім беру саласында сапалы мектепке дейінгі және орта білім алу үшін жағдай жасау басымдық болып қала береді. 2025 жылы білім беру инфрақұрылымын жаңғырту аясында Красивое ауылының жалпы білім беретін мектебінде қажетті жабдықтармен және көрнекі құралдармен жабдықталған заманауи биология кабинеті ашылды. Кабинеттің жалпы құны 10 млн. теңгені құрады. Алдағы жылыту маусымына дайындық және оқу орындарында, Свободное және Қаракөл ауылдарының мектептерінде үздіксіз жылу режимін қамтамасыз ету шеңберінде жаңа жылыту қазандықтары орнатылды. Жұмыстың жалпы құны 4,5 млн теңгені құрады.
Медициналық көмекті құрамында тәулік бойы болатын 65 төсектік стационар және стационар жанындағы 33 күндік стационар, амбулаториялық-емханалық қызмет жанындағы 45 күндік стационар және ауысымына 270 келушіге арналған емхана бар аудандық аурухана мамандары көрсетеді. Есіл ауданының аумағында орналасқан 2 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды: Свободное ауылында құрылыс жобасының жалпы сметалық құны 320,3 млн. теңгені құрайды, Ақсай ауылы құрылыс жобасының жалпы сметалық құны 325,9 млн. теңгені құрайды.
Биыл Есіл аудандық мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеуге 356 млн. теңге сомасына жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Сондай-ақ, Қаракөл ауылдық клубының ғимаратын қайта жаңарту бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталды. Жобаның құны 729 млн. теңгені құрайды.
Өткен жылы Есіл қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 706,4 млн. теңгені құрады. Ағымдағы жылы «Энергетик» спорт кешенін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Жобаның жалпы құны 247,0 млн теңгені құрады.
2025 жылғы 1 шілдеге арналған бюджеттің атқарылуы 100% - құрады, жоспар бойынша 1811,5 млн. теңге болғанда 1811,3 млн. теңге игерілді, ауытқу 0,2 млн. теңгені құрады, дөңгелектеу есебінен үнемдеу.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Есіл аудандық мәслихаты
төрайымының өкілеттігін
уақытша жүзеге асырушы Е.Челюбеева