Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2025 жылғы 23 қыркүйек № 8С-38/1
Есіл қаласы
Аудандық мәслихаттың
кезекті сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Есіл ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
- 2025 жылға Есіл ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы.
- Есіл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 қазандағы № 8С-28/6 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы
- Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 8С-38/7 «Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Есіл ауданы әкімдігінің жанынан консультациялық-кеңесші органының құрамын бекіту туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 қазандағы № 8С-28/12 «Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының шешімінің күшін жою туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-15/4 «Есіл ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.
Есіл аудандық мәслихаты
төрайымының өкілеттігін
уақытша жүзеге асырушы Е.Челюбеева