Есіл аудандық мәслихатының экономика және бюджет,әлеуметтік-экономикалық даму,ауыл шаруашылығы,заңдылық және құқықтық тұрақты комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Есіл қ. 2025 жылғы 24 ақпан
Экономика және бюджет,
әлеуметтік-экономикалық даму,
ауыл шаруашылығы,
заңдылық және құқықтық
тәртіп мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссияның
2025 жылға арналған
жұмыс жоспарын бекіту туралы
Экономика және бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығы, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының ақпаратын тыңдап, ұсынылған барлық мәселелер өзекті және тұрақты комиссия отырыстарында тыңдалуы мүмкін екенін атап өтті.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- экономика және бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығы, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін;
- Есіл аудандық мәслихатының аппараты бұдан әрі экономика және бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығы, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияны дайындау жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын, комиссияның хаттамалары мен қаулыларын жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тұрақты комиссияның
төрағасы Т. Әділбаев