Есіл аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
2025 жылғы 18 ақпан
«Онкологиялық ауруларды
ерте анықтау бойынша
скринингтер жүргізу, әлеуметтік
маңызы бар аурулардың
алдын алу жөніндегі жұмыс туралы»
Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Есіл аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігерінің м.а. Г.З. Сәрсенбаеваның «Онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша скринингтер жүргізу, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу жөніндегі жұмыс туралы» ақпаратын тыңдағаннан кейін тұрақты комиссия атап өтті:
2025 жылға онкологиялық скринингтерді 4366 адамға өткізу жоспарланған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда (3867 адам) өсуді білдіреді. Атап айтқанда, жоспарланған:
- Сүт безінің рагы (СБР) – 1401 адам (2024 жылы – 1158);
- Колоректальды рак (КРР) – 1719 адам (2024 жылы – 1648);
- Жатыр мойны рагы (ЖМР) – 1246 адам (2024 жылы – 1126).
2024 жыл бойынша мәліметтерге сәйкес, анықталған:
- СБР – 1 жағдай;
- КРР – 2 жағдай.
Әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 23.09.2020 жылғы № ДСМ 108/2020 бұйрығына сәйкес туберкулез, АИТВ, созылмалы вирустық гепатиттер, қатерлі ісіктер, қант диабеті және басқаларын қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізбесі бекітілді. Бұл аурулар емдеу мен алдын-алудың кешенді тәсілін қажет ететін қоғамға айтарлықтай зиян келтіреді.
Жоғарыда айтылғандарға негізделе отырып, Есиль аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы білім беру бағдарламалары арқылы онкологиялық ауруларды ерте анықтаудың және әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алудың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру.
- халық арасында, әсіресе жастар арасында, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған мотивациялық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу.
- әлеуметтік маңызды аурулардың профилактикасы мен емдеу саласында мамандарды жүйелі түрде даярлауды қамтамасыз ету.
- тәуекел топтарымен белсенді жұмыс жүргізу, профилактикалық шараларды оқу орындарында және одан тыс өткізу.
Аурулардың профилактикасы және ерте анықталуы халық денсаулығын қорғаудағы басым бағыттар болып табылады. Тұрақты комиссия барлық мүдделі тараптарды халық денсаулығын жақсарту және әлеуметтік маңызды аурулардың аурушаңдығын төмендету бойынша бірлескен жұмысқа шақырады.
Тұрақты комиссияның
төрайымы Е. Челюбеева