Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2024 жылғы 25 сәуір № 8С-20/5
Есіл қаласы
Есіл аудандық мәслихатының
2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 31/3
«Есіл ауданы әкімдігі жанындағы
тұрғын үй комиссиясының
құрамын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі № а-4/72 қаулысының негізінде, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Есіл ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамына енгізілсін – Мұратхан Гүлжанар Мұратханқызы «Есіл ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірыңғай персоналды басқару қызметінің басшысы, комиссия мүшесі;
комиссия құрамынан шығарылсын – А.А. Бектемірова;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Есіл аудандық
мәслихатының төрайымы А. Әділбаева