Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2024 жылғы 25 сәуір № 8С-20/1
Есіл қаласы
Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-13/2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Есіл ауданы әкімдігінің жанынан Жастар ісі жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 23/5 «Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 31/3 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Есіл аудандық
мәслихатының төрайымы А. Әділбаева