Жоспардан тыс отырыс

Мерзімді түрде толып кететін қоқыс жәшіктеріне қатысты қала тұрғындарынан келіп түсетін сұрақтар мен өтініштерге байланысты Қоғамдық кеңестің жоспардан тыс отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Кездесуге Есіл қаласының әкімі – Ғ.М.Айтмұхамбетов, «Есіл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-нің басшысы А.А.Бирюков , «Есіл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі» - Т.М.Мұхаметова, «Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы» ШЖҚ МКК  директорының орынбасары  – Р.Қ . Мұқанов., «Мұқанова» ИП ТҚҚ шығару қызметін жеткізуші өкілі – В.А.Есімшарипова, сондай-ақ Есіл аудандық мәслихатының депутаттары шақырылды. Кездесу барысында кездесудің барлық қатысушыларымен сындарлы әңгіме өрбіді. «Мұқанова» жеке кәсіпкерінің операторына қала қоқыстан қалай тазартылады, бүгінгі күнге дейін қандай жұмыстар атқарылды деген сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, бар мәселелерді шешудің ықтимал жолдары мен ұсыныстары айтылды. Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес ұсыныстар берді.

Дата публикации
23 февраля 2024