Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі қосымша конкурс

Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында аудандық әкімдікте Қ.Т. Әбдуахитованың төрайымдылығымен Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау өтті. Ағымдағы жылдың 8 қаңтарынан 19 қаңтарына дейін Есіл ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін шығарылғандардың орнына сайлау бойынша қосымша конкурс жарияланды. Хабарландыру аудандық "Есіл Инфо" газетінде, аудандық мәслихаттың сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланды. Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімге 2 азаматтан жазбаша түрде ұсыныстар түсті. Әңгімелесу барысында және ашық дауыс беру қорытындысы бойынша шығып қалған Қоғамдық кеңес мүшесінің өкілеттігінің қалған мерзіміне құрамына кірген кандидат анықталды. Екінші үміткер резервке алынды. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері "Есіл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқарудың 2024-2029 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Есіл аудандық мәслихатының шешімінің жобасын қарады.

Дата публикации
22 февраля 2024