Әкімшілікпен жалпы сомасы 49003,1 мың теңгеге 1 бюджеттік бағдарламаны іске асырды, жоспар 49003,1 мың теңге немесе 99,9%, игерілмеген 0,6 мың теңге, оның ішінде 0,3 мың теңге еңбек ақы қорының үнемділігі, 0,3 мың теңге дөңгелектеу есебінен қалған қалдық.
, оның ішінде бюджеттік кіші бағдарламалар бойынша қалдық: 112001015 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» Қаржыландыру жоспарында 49003,1 мың теңге көзделген, жоспардағы 49003,1 мың теңге кезінде 49002,5 мың теңге жұмсалды немесе 99,9%, 0,6 мың теңге игерілмеді, оның ішінде 0,3 мың теңге еңбек ақы қорының үнемділігі, 0,3 мың теңге дөңгелектеу есебінен қалған қалдық Бағдарлама бойынша тікелей нәтиженің көзделген көрсеткіштеріне қол жеткізілді, штаттық саны 6 бірлік аппаратты ұстау, нақты саны 6 бірлік, штаттан тыс қызметкерлерді ұстау 3,25 бірлік, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру 2 бірлік, сессия өткізу 8, тұрақты жұмыс істейтін комиссиялардың отырыстарын өткізу 8. Бюджеттік бағдарлама бойынша депутаттарға және мәслихат аппаратына жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуы, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыруда атқарушы органдармен сындарлы өзара іс-қимыл қамтамасыз етілді. 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кредиторлық берешек жоқ, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша дебиторлық берешек жоқ, қаржылық бұзушылықтар жоқ. 2021-2023 жылдары бюджет қаражатын игеру серпіні: 2021 жылы-99,9%, 2022 жылы-99,9%, 2023 жылы-99,9%.