1 тоқсан
- Экономика және бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығы, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
- Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және кентішілік жолдарды қысқы күтіп ұстау туралы.
- Ауыл шаруашылығы құрылымдарын көктемгі егіс жұмыстарына дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
- Есіл ауданында жануарларды аулауды, күтіп-бағуды және жоюды ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
2 тоқсан
- Есіл қаласының (саяжай алаптары, орман белдеулері) және Есіл ауданының инфрақұрылымын, абаттандыруды, көгалдандыруды, экологиялық жағдайды (экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау) дамыту жөніндегі жай-күйі мен шаралары туралы.
- Есіл ауданында ҚТҚ кәдеге жарату және қайта өңдеу үшін полигондарды салу және ресімдеу: мәселелерді шешу нәтижелері.
- Сумен жабдықтау желілерін және шаруашылық-тұрмыстық және жаңбыр сарқынды суларының кәріз желілерін дамыту жоспары туралы. Ескі тұрғын үйді бұзу.
3 тоқсан
- Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту есебінен ауылда өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру барысы туралы.
- Халықты тасымалдауды ұйымдастыру, қоғамдық көлік және такси қызметінің жұмысы туралы.
- Ауданда ТЖ алдын алу және жою жөніндегі шаралар жүйесін қолдану туралы.
- 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасына енгізу үшін ұсынылатын жобалардың тізбесін қарау туралы.
4 тоқсан
- Ауданда жеке-мемлекеттік әріптестікті іске асыру нәтижелері туралы.
- Есіл ауданында инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы.
- Күрделі құрылыс және объектілерді қайта құру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау саласындағы мемлекеттік органның қызметі туралы (тұрғын үй құрылысы, су құбырлары, инфрақұрылым объектілері және т.б.)
- Есіл қаласы әкімінің 2024 жылғы атқарылған жұмысы және 2025 жылға арналған перспективалары туралы Есіл қаласы әкімінің есебі.
Бірлескен отырыстар
аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары
- 2023 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.
- 2023 жылғы Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдар мен ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы.
сәуір
- Аудан бюджетін атқару жөніндегі бағдарламалардың жекелеген әкімшілерінің 2023 жылғы есептері.
жыл бойы
- Ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің оларға жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
жыл бойы
- 2025-2027 жылдарға арналған аудан бюджетінің жобасы туралы.
- 2025-2027 жылдарға арналған Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттерінің жобалары туралы.
желтоқсан