Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2023 жылғы 26 маусым № 8С-6/2
Есіл қаласы
Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 8С-3/4
«Есіл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Есіл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
2 - тармақта:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
11) бағаланатын кезең - мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижелерін бағалау кезеңі;
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
12) жеке жұмыс жоспары – «Б» корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат.
3 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін персоналды басқару бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта немесе мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерде жүргізіледі.
Бағалау бағаланатын адамның санатына байланысты НМИ қол жеткізу нәтижелері, саралау және 360 әдістері нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.
Автоматтандырылған бағалау жүйесі енгізілген мемлекеттік органның «Б» корпусы қызметшілерін бағалау осы мемлекеттік органның ішкі құжаттарында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.»;
5 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бір айдан кем болған жағдайда, оны бағалау жүргізілмейді. Егер бағаланатын қызметші бағалау жүргізу кезеңінде еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде, іссапарда, тағылымдамада, қайта даярлауда немесе біліктілігін арттыруда болған жағдайда қызметшіні НМИ қол жеткізу бойынша бағалау, саралау және/немесе 360 әдістері бойынша бағалау оның қатысуынсыз 4-тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
Бұл ретте 2021 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі жұмыс кезеңінде әлеуметтік демалыста болған, еңбекке уақытша жарамсыздығы кезінде болған «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау осы Әдістеменің 6-тарауында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.»;
8 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. НМИ қол жеткізу нәтижелері мен саралау әдісі бойынша бағалау нәтижелері бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротация, мемлекеттік лауазымда жоғарылату, төмендету немесе жұмыстан босату бойынша шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.»;
11 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Ұйымдастыру бөлімінің басшысы бағаланатын қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстыруды қамтамасыз етеді.
Осы Әдістеменің 5-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген қызметшілерді таныстыру тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты және/немесе телефонограмманы және/немесе жеделхатты және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарды жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:
«6-тарау. 2021 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі жұмыс кезеңінде әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде болған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың тәртібі
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
4) уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);
5) мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарын іске асыруға бағдарланған.
1-параграф. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
НМИ барлығы орындалған жағдайда «Функционалдық міндеттерді тиімді орындайды» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда «Функционалдық міндеттерді тиісті түрде орындайды» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық орындайды» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз орындайды» баға қойылады.
НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
1) бағалаумен келісу;
2) түзетуге жіберу.
2-параграф. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) Үлгілік әдістеменің 11-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының (бұдан әрі – хаттама) жобасын.
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;
2) «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.
Есіл аудандық
мәслихатының төрайымы А. Әділбаева