Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2023 жылғы 16 мамыр № 8С-3/8
Есіл қаласы
Есіл аудандық мәслихатының
2021 жылғы 19 наурыздағы
№4/3 «Есіл ауданы әкімдігі
жанындағы кәсіпкерлік мәселесі
жөніндегі сараптама кеңесінің
құрамын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Есіл ауданы әкімінің 2023 жылғы 15 мамырдағы № а-7 шешіміне сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамына енгізілсін:
Нұрлан Қалыұлы Даулыбаев – «Nurym» шаруа қожалығының басшысы, кеңес төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
Тен Наталья Викторовна – жеке кәсіпкер, кеңес мүшесі (келісу бойынша);
«Әділбаев Талғат Әсетұлы – «Есіл-2030» кредиттік серіктестігінің директоры, кеңес төрағасы» деген сөздер «Әділбаев Талғат Әсетұлы – «Есіл-2030» кредиттік серіктестігінің директоры, Есіл аудандық мәслихатының депутаты, кеңес төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген кеңес құрамынан құрамынан шығарылсын: Б.С. Баймұратов,
А.П. Артемов.
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.
Есіл аудандық
мәслихатының төрайымы А. Әділбаева
Есіл аудандық мәслихатының
2023 жылғы 16 мамырдағы
№ 3/8 шешіміне
қосымша
Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы
кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің
құрамы
|
Әділбаев Талғат Әсетұлы
|
«Есіл 2030» кредитік серіктестігінің директоры, Есіл аудандық мәслихатының депутаты, кеңес төрағасы (келісу бойынша)
|
|
Даулыбаев Нұрлан Қалыұлы |
«Nurym» шаруа қожалығының басшысы, кеңес төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
|
|
Альжанова Камэла Серікқызы |
Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы, кеңес хатшысы |
сараптау кеңесінің мүшелері:
|
|
|
|
Аманжолов Жангелді Аманжолұлы |
Есіл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы
|
|
Сағатов Сейілбек Молдашұлы
Тен Наталья Викторовна
|
Есіл аудандық мәслихатының депутаты (келісу бойынша)
жеке кәсіпкер (келісу бойынша)
|
|
Югай Руслан Вячеславович |
Ақмола облысы бойынша кәсіпкерлік палатасы Есіл аудандық филиалының директоры (келісу бойынша) |