Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2023 жылғы 16 мамыр № 8С-3/2
Есіл қаласы
2022 жылға арналған аудандық
бюджеттің, Есіл қаласының,
Красногорский кентінің,
ауылдар мен ауылдық округтердің
бюджеттерінің атқарылуы туралы
жылдық есепті бекіту туралы
Есіл ауданы әкімінің 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің, Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есебін тыңдағаннан кейін, Есіл аудандық мәслихаты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша тиісті жұмыс жүргізілгенін атап өтеді.
Ауданның 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша шығарылатын өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,6 млрд.теңгені құрады. Өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылға қарағанда 101,9% - ды құрады.
Ауыл шаруашылығының өндірілген жалпы өнімінің құны 74,1 млрд.теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 158,3 %.
Негізгі капиталға инвестициялар 11166,7 млн.теңгені немесе өткен жылға 94,4% құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 3218,9 млн. теңгені немесе 2021 жылға 106,8% құрады.
Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 247,0 млн.теңгені немесе 2021 жылға қарай 92,5% - ды құрады. 1549 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 43,8%.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1351 бірлікті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 113,5% құрады.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 8274,3 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі өткен жылға қарағанда 100,6%.
Мемлекеттік бюджетке салық түсімі 106,6 % орындалды. Мемлекеттік бюджеттің өсу қарқыны 118,1% құрады. Республикалық бюджет 104,1% – ға, облыстық бюджет 101,7% – ға, аудандық бюджет 115,6% - ға орындалды.
Жұмыспен қамту саласында тұрақты жұмыс орындарына жоспар бойынша 683 адам 771 адам жұмысқа орналастырылды.
Қазандық қондырғыларының операторлары, Электромонтерлер мамандықтары бойынша 22 адам қысқа мерзімді оқытудан өтті.
«Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 100 қатысушы жіберілді, оның 66 – сы аяқталды, 34-і оқуды жалғастыруда. 2022 жылға арналған жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру жоспары – 27 адам, 25,2 млн. теңге сомасына 24 грант берілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 21 адам (жоспар - 20), жастар практикасына – 30 түлек (жоспар - 25), қоғамдық жұмыстарға – 163 жұмыссыз (жоспар – 50) жіберілді.
Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2,5 %, жалпы жұмыссыздық 2,6% құрайды. Есепте 328 жұмыссыз тұр.
Білім беру саласындағы бір маманға 4594,5 мың теңге сомасында бюджеттік кредит берілді.
Мемлекеттің қаржы активтерін сатып алу «Есіл қалалық шаруашылық» ШЖҚ МКК жарғылық капиталын 1 дана арнайы техника (мамандандырылған техникалық көмек автокөлігі) сатып алуға 28500,0 мың теңге сомасында ұлғайту жолымен жүргізілді.
2022 жылдың басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтары 67 318,6 мың теңгені құрады және облыстық және республикалық бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттерді қайтаруға, қаражатты аудандық деңгейде бөлуге бағытталды.
2022 жылы салық түсімдерінің ұлғаюы есебінен 2021 жылмен салыстырғанда меншікті кірістердің ұлғаюы байқалады.
Сонымен қатар, Есіл аудандық мәслихаты мемлекеттік органдар жергілікті бюджет кірістерін негізделген жоспарлау мен сапалы орындауды толық көлемде қамтамасыз етпегенін атап өтті.
Өткен жылдардағы дебиторлық берешектің жоғары сомасы – 145 649,5 мың теңге. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредиторлық берешек жыл басымен салыстырғанда 807,8 мың теңгеге ұлғайды.
Ауданның Ақмола облысының даму жоспарының көрсеткіштерін орындауы жоспарда көзделген және қабылданған жеткізілген индикаторларға сәйкес жүргізілді: 7 мақсат, 61 нысаналы индикатор көзделген. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 45 нысаналы индикаторға қол жеткізілді (74%), орындау сатысында – 7(11%), 9(11) орындалмады.
Жекелеген нысаналы индикаторларға қол жеткізбеуге байланысты облыстың даму жоспарының жоғарыда көрсетілген мақсаттарына толық көлемде қол жеткізбеу фактісін айту керек.
Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 8,9% - құрады. Негізгі қарызды өтемеу сомасы 159628 мың теңгені құрады.
Ауылдық округтер әлі күнге дейін субвенциялар мен трансферттерге тәуелді, салық түсімдері аз (жер салығы, мүлік салығы, көлік салығы) халқы аз елді мекендер болып табылады.
Депутаттар орындаушы мемлекеттік органдардың бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру сапасын толық көлемде қамтамасыз етпегенін атап өтті. Сондай-ақ, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру қорытындылары бойынша жекелеген әкімшілердің бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізбеуі орын алады.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 132-бабы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2022 жылғы Есіл ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есебінің негізінде Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) кірістер – 7 057 096,0 мың теңге, оның ішінде;
салықтық түсімдер – 791 478,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 8 288,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер-34 564,4 мың теңге;
трансферттердің түсімдері-6 222 765,5 мың теңге;
2) шығындар – 7 360 160,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - (- 170 661,5) мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 4 594,5 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу-175 256,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 28 500,0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 28 500,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - (- 160 903,1) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 160 903,1 мың теңге.
Есіл қаласы бойынша:
1) кірістер – 191 725,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 70 291,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер-0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 107 997,3 мың теңге;
2) шығындар-194 262,3 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 2 537) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 537 мың теңге.
Ақсай ауылы бойынша:
1) кірістер – 22 084,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-6 692 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 42 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 819 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 13 531,5 мың теңге;
2) шығындар-22 783 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 698,5) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 698,5 мың теңге.
Бұзылық ауылдық округі бойынша:
1) кірістер – 62 650,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-4 502 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 222 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 000 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 55 926,8 мың теңге;
2) шығындар-63 096,9 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) - (- 446,1) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 446,1 мың теңге.
Двуречный ауылдық округі бойынша:
1) кірістер – 58 488,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-10 080,7 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 24,1 мың теңге;
трансферттердің түсімдері-48 383,2 мың теңге;
2) шығындар-58 825,0 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 336,9) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 336,9 мың теңге.
Жаныспай ауылдық округі бойынша:
1) кірістер – 45 835,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-6 598 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 306 мың теңге;
трансферттердің түсімдері-38 931,7 мың теңге;
2) шығындар-46 195,9 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) - (- 360,2) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 360,2 мың теңге.
Заречный ауылдық округі бойынша:
1) кірістер – 23 028,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-9 691 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 12 273,8 мың теңге;
2) шығындар-23 028,6 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге.
Знаменка ауылы бойынша:
1) кірістер – 50 381,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 6351 мың теңге;
трансферттер түсімі – 44 030,6 мың теңге;
2) шығындар-51 540,7 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 1159,1) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1159,1 мың теңге.
Интернациональный ауылдық округі бойынша:
1) кірістер – 18 988,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-8 922,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері-761 мың теңге;
2) шығындар-19340,6 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) - (- 352,2) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 352,2 мың теңге.
Қаракөл ауылдық округі бойынша:
1) кірістер – 20 425,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-5 860 мың теңге;
трансферттердің түсімдері-14 565,6 мың теңге;
2) шығындар-20 684,4 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – (-258,8) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1258,8 мың теңге.
Красивинский ауылдық округі бойынша:
1) кірістер – 46 112,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-10 785 мың теңге;
салықтық емес түсімдер-728 мың теңге;
трансферттердің түсімдері-34 599,2 мың теңге;
2) шығындар-46 966,4 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – (-854,2) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 854,2 мың теңге.
Красногорский кенті бойынша:
1) кірістер – 19 951,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-4 772 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 207 мың теңге;
трансферттердің түсімдері-11 972,4 мың теңге;
2) шығындар-20 555,1 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 603,7) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 603,7 мың теңге.
Московский ауылы бойынша:
1) кірістер – 42 975,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-2 380 мың теңге;
трансферттердің түсімдері-40 595,8 мың теңге;
2) шығындар-43 104,2 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 128,4) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 128,4 мың теңге.
Орловка ауылы бойынша:
1) кірістер – 20 773,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 12 425 мың теңге;
салықтық емес түсімдер–4 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 8 344,6 мың теңге;
2) шығындар–21 200,6 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 427) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 427 мың теңге.
Свободный ауылдық округі бойынша:
1) кірістер – 31 167 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-11 585 мың теңге;
салықтық емес түсімдер-265 мың теңге;
трансферттердің түсімдері-19 317 мың теңге;
2) шығындар-32 117,9 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 950,9) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 950,9 мың теңге.
Юбилейный ауылдық округі бойынша:
1) кірістер – 39 772,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер -7 942 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 31 780,8 мың теңге;
2) шығындар-39 980 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) - (- 257,2) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 257,2 мың теңге.
1) жергілікті атқарушы органға:
- әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға ең үздік және тиімді қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеуді және орындауды қамтамасыз ету;
- бюджет қаражатын мақсатты және сапалы пайдаланғаны, жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізгені үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен сұранысты арттыру;
- кірістер мен шығыстарды жоспарлау сапасын арттыруға, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға, бюджетке берешекті азайтуға және жоюға бағытталған шаралар қабылдау.
2) «Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
- бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге және нәтижелерге қол жеткізуге, мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру бойынша бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бақылауды күшейту;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне:
- бюджет қаражатын мақсатты және тиімді игеру үшін жеке жауапкершілікті арттыру, кірістер мен шығыстарды жоспарлау сапасын арттыруға бағытталған шараларды қабылдау;
4) «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
- дебиторлық берешекті өтеуді қамтамасыз ету.
Есіл аудандық
мәслихатының төрайымы А. Әділбаева