Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 

2023 жылғы 16 мамыр                                                                № 8С-3/1

Есіл қаласы                                                                                                

 

 

Аудандық мәслихаттың

кезекті сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің, Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдар мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  2. Есіл ауданында идеологиялық жұмысының қалыпқа келтіру туралы.
  3. «Есіл аудандық мәслихатының  аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы.
  4. Есіл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 ақпандағы № 11/3 «Есіл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. 2023 жылға арналған Есіл ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы.
  6. Есіл ауданының қоғамдық тәртібін қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы.
  7. Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы №4/3 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі сараптама кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  8. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.

 

 

Есіл аудандық

мәслихатының төрайымы                                                         А. Әділбаева

Дата публикации
26 мая 2023