Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

2023 жылғы 30 наурыз                                                                       № 8С 1/1

Есіл қаласы                                                                                                

 

 

Аудандық мәслихаттың

кезектен тыс сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Есіл аудандық мәслихатының төрағасын сайлау туралы.
  2. Есіл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы.
  3. Экономика және бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығы, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның сандық құрамын айқындау, мүшелері мен төрағасын сайлау туралы.
  4. Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынас, халық денсаулығын сақтау, білім және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның сандық құрамын айқындау, мүшелері мен төрағасын сайлау туралы.
  5. Есіл аудандық мәслихатында «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі Есіл аумақтық филиалының депутаттық фракциясысын тіркеу туралы.
  6. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

 

 

Есіл аудандық

мәслихатының төрағасы                                                           А. Әділбаева

 

 

Дата публикации
04 апреля 2023