Есіл аудандық мәслихатының
2021 жылғы 19 қарашадағы № 14/8
шешімімен бекітілген
Есіл аудандық мәслихатының
2023 жылғы 16 қаңтардағы № 36/4
шешімімен өзгерістер енгізілді
«Есіл аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
020900, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі 6.
Егер мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
1) мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
2) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.
14.Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
- заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі, шарттар жасасады және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады;
- барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратады және алады;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2) міндеттері:
- мемлекеттік қызметшілер арқылы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, регламентке және аудандық мәслихаттың шешімдеріне, аудандық мәслихат төрағасының өкімдеріне сәйкес жүзеге асырады.
1) мәслихаттың регламенті мен жұмыс жоспарына сәйкес мәслихат сессияларын, тұрақты комиссиялардың отырыстарын өткізуге дайындық және ұйымдастыру-техникалық жұмыстарды жүзеге асыру;
2) депутаттарды сессиялар мен тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша шешімдердің, қаулылардың жобаларымен және тиісті материалдармен қамтамасыз ету;
3) тұрақты комиссиялардың ұсыныстары негізінде мәслихаттың және тұрақты комиссиялардың жұмыс жоспарларын жасау;
4) сессиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала талқылауды ұйымдастыру және депутаттарға мәслихат шешімдерінің жобаларын, тұрақты комиссиялардың қаулылары мен қорытындыларын дайындау мәселелерінде көмек көрсету;
5) мәслихаттың тұрақты комиссияларының, депутаттық бірлестіктері мен өзге де органдарының қызметін үйлестіру, олардың отырыстарына қатысу;
6) мәслихат регламентіне сәйкес сессиялардың, тұрақты комиссиялар отырыстарының хаттамаларын ресімдеу;
7) мәслихат қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдесу, оларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;
8) сессиялар және тұрақты комиссиялардың отырыстары барысында атқарушы органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің атына келіп түскен депутаттық сауалдар мен өтініштердің уақтылы қаралуын бақылау;
9) депутаттар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде айтқан ұсыныстар мен ескертпелерді мониторингтеу және қорыту, оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау;
10) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ұсыныстарын талдау, депутаттардың осы ұйымдардың өкілдерімен және басқа да мүдделі тұлғалармен кездесулерін ұйымдастыру;
11) мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы, депутаттық қызметтің барысы туралы есептер дайындау;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік-құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсыну;
13) іс қағаздарын жүргізу, мәслихаттың шешімдері мен басқа да құжаттарын таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;
14) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды, қабылдауды, қарауды және тіркеуді жүзеге асыру, мәслихат төрағасының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру, олардың өтініштері мен арыздарын қарау;
15) мәслихаттың интернет-ресурстарын қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының, Есіл ауданы Қоғамдық кеңесінің қызметі туралы ақпараттық материалдарды, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын шешімдердің жобаларын орналастыру;
16) мәслихаттың құжаттамалық қызметін қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, іс жүргізудің мемлекеттік және орыс тілдерінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
17) мәслихат аппараты қызметкерлерінің арасында кадр жұмысын ұйымдастыру;
18) Есіл ауданының сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру;
19) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және мәслихат регламентімен жүктелген басқа да функцияларды орындау болып табылады.
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
3) мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
6) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
7) сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
8) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
9) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
11) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкіл болады;
13) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
14) мәслихат аппараты мен оның құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; ;
15) заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
16) мәслихат аппаратының шығыстар сметасын жоспарлайды және орындайды;
17) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның ішінде мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды;
18) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының заңнамасында, регламентте және мәслихат шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
Мәслихат төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.