Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2023 жылғы 16 қаңтар № 36/1
Есіл қаласы
Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 1/4 «Есіл аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 шілдедегі № 28/3 «Есіл ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қарашадағы № 14/8 «Есіл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 19/3 «Есіл аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Есіл ауданының округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 43/3 «Есіл аудандық сайлау комиссиясын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 43/4 «Есіл ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Есіл аудандық
мәслихатының төрағасы С. Ағымбаева