Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2022 жылғы 22 желтоқсан № 34/6
Есіл қаласы
Есіл аудандық мәслихатының
2023 жылға арналған жұмыс
жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Есіл аудандық мәслихатының регламентіне сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Аудандық мәслихаттың 2023 жылға арналған қоса беріліп отырған жұмыс жоспары бекітілсін.
- Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының бұдан бұрын 2021 жылғы 23 желтоқсанда қабылдаған № 17/4 «Есіл аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» шешімі жойылсын.
- Аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарында көзделген шаралардың орындалуын бақылау, аудандық мәслихаттың аппарат басшысына жүктелсін.
- Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Есіл аудандық
мәслихатының хатшысы С. Ағымбаева
Есіл аудандық мәслихатының
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 34/6 шешімімен
бекітілген
Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс
жоспары
1 тоқсан
- Есіл аудандық мәслихаты хатшысының «Жетінші шақырылған Есіл аудандық мәслихатының 2022 жылғы қызметі туралы» есебі.
- Есіл ауданындағы идеологиялық жұмыстың жай-күйі және оны жетілдіру жөніндегі шаралар туралы.
- 2022 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы.
- 2022 жылғы Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы.
3 тоқсан
- Есіл ауданы әкімінің өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
4 тоқсан
- 2024 - 2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
- Есіл ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары туралы.
4 тоқсан
- 2024-2026 жылдарға арналған Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы.