Есіл ауданының кәсіпкерлер палатасының бизнесті дамытуға бағытталған міндеттерді іске асыру жөніндегі қызметі туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 2022 жылғы 22 желтоқсан                                                            № 34/3

Есіл  қаласы                         

 

Есіл ауданының кәсіпкерлер

палатасының бизнесті дамытуға

бағытталған міндеттерді іске

асыру жөніндегі қызметі туралы

 

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы Есіл ауданы филиалының директоры Р. Югайдың «Бизнесті дамытуға бағытталған міндеттерді іске асыру бойынша Есіл ауданының кәсіпкерлер палатасының қызметі туралы» ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін аудандық мәслихат осы бағытта белгілі бір жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Өткен кезеңде кәсіпкерлер палатасының филиалына азаматтардың 12 өтініші келіп түсті, олар бойынша өтініш білдірген адамдардың дәлелдерін қанағаттандыру туралы 5 шешім қабылданды, 7 өтініш бойынша түсініктемелер берілді.

Өтініштерді, оның ішінде ауызша келіп түскен өтініштерді қарау шеңберінде артық әкімшілік кедергілер мен кәсіпкерлердің құқықтарын бұзудың 5 фактісі анықталды.

Кәсіпкерлерді қаржы институттары арқылы төмен сыйақы мөлшерлемелері және қолайлы жағдайлар бойынша қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілді.

«Atameken Aqmola» МҚҰ қызметі шеңберінде мал шаруашылығы желісі бойынша 9 340 000 теңге сомасына 2 жоба қаржыландырылды, олар бойынша 1 жыл мерзімге шарттық міндеттемелерді орындау бойынша демалыс берілді.

«Атамекен» ҰКП платформасында 64 адам «Кәсіпкерлік негіздеріне» оқытылды, оның ішінде 24 адам 200-ден 400 АЕК-ке дейінгі сомаға өтеусіз гранттар алды.

Кәсіпкерлер палатасының Есіл филиалында кәсіпкерлерге «бір терезе» (бизнесті қолдаудың барлық құралдары бойынша бірыңғай терезе) қағидаты бойынша қызмет көрсету бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Кәсіпкер тікелей сол жерде бизнесті қолдаудың түрлі мемлекеттік бағдарламалары бойынша консультациялық қызметтер алады, сондай-ақ маркетингтік және заңгерлік қызметтер тегін ұсынылады. Қызметтің қалған түрлері бойынша облыстың басқа аудандары мен қалаларында менеджерлермен консультанттармен «онлайн» режимінде нақты байланыс орнатылды.

Кәсіпкерлермен және бизнесті ашуға ықтимал мүдделі тұлғалармен кездесулер өткізіледі. Мұндай іс-шараларды өткізуге тиісті мемлекеттік органдар мен бірлестіктер тартылады, қорытындысы бойынша ШОБ мәселелері бойынша жалпылау және жүйелеу жүргізіледі.

Кәсіпкерлер палатасы филиалының имидждік әлеуетін қолдау мақсатында мүдделі лауазымды тұлғалардың қатысуымен түрлі комиссиялардың, жұмыс топтарының және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың 35 отырысына қатысты, интернет-порталдарда 25 жарияланым жарияланды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы Есіл ауданы филиалының «Бизнесті дамытуға бағытталған міндеттерді іске асыру жөніндегі Есіл ауданы кәсіпкерлер палатасының қызметі туралы» директоры Р.В. Югайдың ақпараты назарға алынсын.
  2. Атап, Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы Есіл ауданының филиалы бизнесті дамытуға бағытталған міндеттерді іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде.
  3. Ұсынылсын: Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы Есіл ауданының филиалына (Р. Югай) Есіл ауданының мемлекеттік органдарымен бірлесіп:

Өңірде бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша одан әрі мақсатты жұмыс жүргізу:

  • кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, әкімшілік кедергілерді анықтауға және жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру;
  • бизнесті қолдау бағдарламалары шеңберінде кәсіпкерлерді бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, бизнесті жүргізу, заңнамалық талаптар мен инновациялар туралы оқытуды, консультация беруді, хабардар етуді ұйымдастыру және жүргізу;
  • аудан экономикасы үшін маңызды бизнес жобалар мен инвестициялық жобаларды іске асыруға, шағын және орта кәсіпкерлік объектілерінің санын ұлғайтуға жәрдемдесу;
  • кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыс жүргізу;
  • ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес мәселелерін шешуге және ауданның агроөнеркәсіптік секторын дамытуға жәрдемдесу;
  • Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы Есіл ауданы филиалының аудандағы кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға бағытталған жұмысы туралы газет және интернет ресурстар беттерінде белсенді ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
  1. Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Есіл аудандық

мәслихатының хатшысы                                       С. Ағымбаева

Дата публикации
26 января 2023