2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

2022 жылғы 22 желтоқсан                                                                       № 34/4

Есіл қаласы              

 

 

2023-2025 жылдарға

арналған аудандық

бюджет туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4065215 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 936909 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 13636 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5126 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3109544 мың теңге;

2) шығындар – 4065215 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – (- 407810) мың теңге, оның ішінде:

         бюджеттiк кредиттер – 5175 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 412985 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 407810 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – (- 407810) мың теңге.

  1. Аудандық бюджетке әлеуметтік салықты бөлу нормативі 100 пайыз мөлшерінде ескерілсін.
  2. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте, облыстық бюджеттен 554077 мың теңге сомасында субвенция көзделгені ескерілсін.
  3. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар көлемдері 260881 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

         Ақсай ауылына – 19168 мың теңге;

         Бұзылық ауылдық округіне – 22365 мың теңге;

         Двуречный         ауылдық округіне – 13116 мың теңге;

         Жаныспай  ауылдық округіне – 18117 мың теңге;

         Заречный ауылдық округіне         – 17809 мың теңге;

         Знаменка ауылына – 14925 мың теңге;

         Интернациональный ауылдық округіне – 13540 мың тенге;

         Қаракөл ауылдық округіне – 18651 мың теңге;

         Красивинский ауылдық округіне – 34339 мың теңге;

         Красногорский кентіне – 19510 мың теңге;

         Московский ауылына – 19675 мың теңге;

         Орловка ауылына – 12532 мың теңге;

         Свободный ауылдық округіне – 22967 мың теңге;

         Юбилейный ауылдық округіне – 14167 мың теңге.

  1. 2023 жылға арналған аудандық бюджеттің түсімдерінің құрамында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер 4 қосымшаға сәйкес көзделгені ескерілсін.

Аудандық бюджет бойынша нысаналы трансферттердің көрсетілген сомаларын бөлу Есіл ауданы әкімдігінің қаулысымен белгіленеді.

  1. 2023 жылға арналған аудандық бюджеттің шығыстарының құрамында облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 5 қосымшаға сәйкес көзделгені ескерілсін.

Аудандық бюджет бойынша нысаналы трансферттердің көрсетілген сомаларын бөлу Есіл ауданы әкімдігінің қаулысымен белгіленеді.

  1. 2023 жылға арналған аудандық бюджеттің шығыстарының құрамында облыстық бюджеттен Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджетiне 6 қосымшаға сәйкес нысаналы трансферттер көзделгені ескерiлсiн.

Аудандық бюджет бойынша нысаналы трансферттердің көрсетiлген сомаларын бөлу Есіл ауданы әкiмдiгiнің қаулысымен белгіленеді.

  1. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджетке 418160 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттерді өтеу көзделгені ескерiлсiн, оның ішінде: жергiлiктi атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу – 412985 мың теңге.
  2. 2023 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 18642 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Есіл аудандық

мәслихатының хатшысы                                    С. Ағымбаева

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Есіл ауданының әкімі

                            Е. Баяхметов

22 желтоқсан 2022 жыл

Дата публикации
26 января 2023