Есіл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 тамыздағы № 29/4 «Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

2022 жылғы 22 қараша                                                                       № 32/6

Есіл қаласы  

 

Есіл аудандық мәслихатының

2022 жылғы 17 тамыздағы № 29/4

«Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің

жанындағы жер комиссиясының

құрамын бекіту туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес және Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қазандағы № а-10/177 қаулысы негізінде, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Есіл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 тамыздағы № 29/4 «Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

комиссия құрамына енгізілсін:

Самойленко Виктория Анатольевна – «Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы;

Ү. Дүзелбай комиссия құрамынан шығарылсын;

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Есіл аудандық

мәслихатының хатшысы                                                     С. Ағымбаева

 

 

 

 

Есіл аудандық мәслихатының

 2022 жылғы 22 қарашадағы

№ 32/6 шешіміне

қосымша

 

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы

жер комиссияның құрамы

 

Мақсұмхан

Асқарбек Мақсұмханұлы

Есіл ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы

 

Жүнісов

Асылхан Теміртасұлы

«Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы,

комиссия төрағасының орынбасары

 

Самойленко

Виктория Анатольевна

«Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы,

комиссия хатшысы

 

Комиссия мүшесі:

Ахметов

Мұрат Сапарбекұлы

 

«Иран» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

 

Балданов

Дамир Сәруәрұлы

Есіл аудандық мәслихатының депутаты

(келісім бойынша)

Даулыбаев

Нұрлан Қалыұлы

 

«NURYM» шаруа қожалығының басшысы                                                                    

 (келісім бойынша)

Жұмабаева

Айнұр Қоңқашқызы

«Айнұр» жеке кәсіпкері (келісім бойынша)

 

Қыстаубаев

Бари Нәбиұлы

 

Есіл қаласының жергілікті қоғамдастықтың мүшесі (келісім бойынша)

 

Неволина

Марина Леонтьевна

 

Есіл қаласының жергілікті қоғамдастықтың мүшесі (келісім бойынша)

 

Сәдуақасов

Исламбек Сақтапбергенұлы

 

«Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

Тойшыбеков

Байділла Жорабекұлы

               

«Есіл ауданының құрылыс, сәулет және

қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

Югай

Руслан Вячеславович

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының         Есіл аудандық филиалының директоры

(келісім бойынша)

 

 

 

 

Дата публикации
02 декабря 2022