Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2022 жылғы 22 қараша № 32/1
Есіл қаласы
Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 17/2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 45/2 «Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 ақпандағы № 11/3 «Есіл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
- Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 тамыздағы № 29/4 «Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 16/6 «Есіл ауданының бюджетін қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 8/7 «Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының шешімдерінің күшін жою туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 43/3 «Есіл аудандық сайлау комиссиясын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 43/4 «Есіл ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Есіл аудандық
мәслихатының хатшысы С. Ағымбаева