Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 45/2
«Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Есіл аудандық мәслихатының хатшысы |
|
С. Агымбаева |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 29.11.2022
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 30786 болып енгізілді
Результаты согласования
ГУ «Аппарат Есильского районного маслихата» - Руководитель аппарата Татьяна Васильевна Осипова, 22.11.2022 14:35:18, положительный результат проверки ЭЦП
ГУ «Аппарат Есильского районного маслихата» - секретарь Сауле Камеловна Агымбаева, 22.11.2022 14:36:23, положительный результат проверки ЭЦП
|
Есіл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 32/3 |
|
|
шешіміне қосымша
Есіл аудандық мәслихатының
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 45/2 шешімімен
бекітілген
Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органы есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
4) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
5) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
6) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын, «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
7) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
2-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
1) Жеңіс күні – 9 мамыр:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1 000 000(бір миллион) теңге;
майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 100 000 (жүз мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына – 100 000 (жүз мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға – 100 000 (жүз мың) теңге;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға – 100 000 (жүз мың) теңге;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне – 100 000 (жүз мың) теңге;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс кимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 100 000 (жүз мың) теңге;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға – 60 000 (алпыс мың) теңге;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға – 100 000 (жүз мың) теңге;
1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға – 60 000 (алпыс мың) теңге;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне; екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 60 000 (алпыс мың) теңге;
Ұлы Отан соғысының кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестiрiлген қайтыс болған адамның екiншi рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетiндердi қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайына) – 30 000 (отыз мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 30 000 (отыз мың) теңге;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 30 000 (отыз мың) теңге;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерге – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға, бір рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына – 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш;
1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш;
2) 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні:
ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш.
1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) оқиға болған күнінен бастап үш айдан кешіктірмей өтініш берген кезде, орташа жан басына шаққандағы табысын ескерместен жылына бір рет – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) әлеуметтік мәні бар аурулардың, айналадағыларға қауіп төңдіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған азаматтарға (отбасыларға):
қатерлі ісіктері бар адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;
адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар азаматтарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
иммун тапшылығы вирусы туындаған жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай тағайындалады, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің – 2 (екі) еселенген мөлшерінде;
уәкілетті органның тізімі негізінде туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға өтініш бермей ай сайын – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматарға (отбасыларға) – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
- шұғыл емделуге (ота жасауға);
- кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге;
5) аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, колледждерде күндізгі оқу нысанында оқитын студенттерге өтініш негізінде, оқу орнымен жасалған шарттың нотариат куәландырған көшірмесі, оқу орнынан алынған анықтама, көрсетілген санатқа тиесілігін растайтын анықтама, төлем туралы түбіртектің көшірмелері – оқу шығындарын өтеудің 100 пайызы мөлшерінде;
6) өтініш, уәкілетті орган, ауданның медициналық ұйымы және студент арасында жасалған үшжақты шарт, оқу орнымен жасалған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан анықтама, өтініш берушінің медициналық ұйымға жататындығын растайтын анықтама негізінде жоғары медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-осал топтары қатарындағы студенттерге туралы түбіртектің көшірмесі – оқу шығындарын өтеудің 100 пайызы мөлшерінде;
7) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, Қазақстан Республикасының шегінде санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығындардың құнын жолдама құны мөлшерінде, бірақ 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өтеу.
3-тарау. Қорытынды ереже
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 29.11.2022
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 30786 болып енгізілді
Результаты согласования
ГУ «Аппарат Есильского районного маслихата» - Руководитель аппарата Татьяна Васильевна Осипова, 22.11.2022 14:35:18, положительный результат проверки ЭЦП
ГУ «Аппарат Есильского районного маслихата» - секретарь Сауле Камеловна Агымбаева, 22.11.2022 14:36:23, положительный результат проверки ЭЦП