Есіл ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

2022 жылғы 26 қыркүйек                                                                  № 31/3

Есіл қаласы              

 

Есіл ауданы әкімдігі жанындағы

тұрғын үй комиссиясының

құрамын бекіту туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № а-9/158 қаулысының негізінде, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Есіл аудандық мәслихатының шешімдері 2-қосымшаға сәйкес жойылсын.
  3. Шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

 

Есіл аудандық

мәслихатының хатшысы                                                   С. Ағымбаева

  

Есіл аудандық мәслихатының

 2022 жылғы 26 қыркүйектегі

№ 31/3 шешіміне

1-қосымша

 

    

Есіл ауданы  әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының

құрамы

 

Баяхметов                                       Есіл ауданының әкімі,

Еркебұлан Еркешұлы                    комиссия төрағасы

                                                   

Мақсұмхан                                     Есіл ауданы әкімінің орынбасары,

Асқарбек Мақсұмханұлы              комиссия төрағасының орынбасары     

 

Нақбаева                                                  «Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық

Айман Ермаханбетқызы                шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы

 

Дауыс беру құқықтары бар комиссия мүшелері:

 

Айтмұхамбетов                                        Есіл қаласының әкімі

Ғазиз Мұхитұлы 

 

Аманжолов                                     «Есіл ауданы әкімі аппараты»  

Жангелді Аманжолұлы                  мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқық жұмыстары бөлімі басшысы

 

Бектемірова                                    «Есіл ауданы әкімі аппараты»

Ажар Арыстанбекқызы                           мемлекеттік мекемесінің бірыңғай персоналды басқару қызметінің басшысы

 

Бирюков                                          «Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық

Александр Александрович                     шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшысы

 

Серікова                                                   «Есіл ауданының экономика және

Гүлнәр Дасмағанбетқызы              қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

Есіл аудандық мәслихатының

 2022 жылғы 26 қыркүйектегі

№ 31/3 шешіміне

2-қосымша

 

 

Есіл аудандық мәслихатының күшін жоюға жататын кейбір

шешімдерінің тізбесі

 

  1. Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 мамырдағы № 52/5 «Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешімі;
  2. Есіл аудандық мәслихатының «Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 мамырдағы» Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 52/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2021 жылғы 13 мамырдағы № 6/10 шешімі;
  3. Есіл аудандық мәслихатының «Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 мамырдағы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 52/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 30 шілдедегі № 9/12 шешімі.

 

Дата публикации
07 октября 2022