Есіл ауданы Свободное ауылының көшелерін қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы

 

Есіл ауданының әкімдігі

Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 6

2022 жылғы 26 қыркүйектегі

№ а-9/162 қаулысы

Есіл аудандық мәслихаты

Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 6

2022 жылғы 26 қыркүйектегі

№ 31/2 шешімі

 

 

Есіл ауданы Свободное ауылының

көшелерін қайта атау жөнінде

ұсыныс енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Есіл ауданы Свободное ауылының көшелерін қайта атау жөніндегі Ақмола облыстық ономастика комиссиясына ұсыныс енгізу:
  • Московская көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
  • Целинная көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне;
  • Киевская көшесін Мұхтар Әуезов көшесіне.
  1. Осы бірлескен Есіл ауданы әкімдігінің қаулысы және Есіл аудандық мәслихатының шешімі Ақмола облыстық ономастика комиссиясының қарауына жіберілсін.

 

 

Есіл

ауданының әкімі                                                                Е. Баяхметов

 

Есіл аудандық

мәслихат хатшысы                                                            С. Ағымбаева

Дата публикации
07 октября 2022