Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халық денсаулығын сақтау, білім және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
2022 жылғы 13 қыркүйек
«Есіл ауданының ішкі саясат,
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің Есіл аудандық мәдениет үйі»
МКҚК ақылы қызметтерін көрсету
туралы» және «Аудандық мәдениет
үйінің қызметкерлеріне жалақы,
міндетті зейнетақы жарналарын,
әлеуметтік аударымдар мен міндетті
медициналық сақтандыру
жарналарын төлеу туралы»
Аудандық мәдениет үйінің директоры Марат Байтеміровтің «Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Есіл аудандық мәдениет үйі» МКҚК ақылы қызмет көрсету туралы» және «Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлеріне жалақы, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті медициналық сақтандыру жарналарын төлеу туралы» ақпаратын тыңдап, депутаттық өкілеттік пен этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халық денсаулығын сақтау, білім және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мынаны атап өтеді:
Аудандық мәдениет үйінде 2019-2020 жылдар аралығында қызметкерлер алдындағы берешектерді жою бойынша шаралар қабылданды:
2021 жылға бөлінген бюджет қаражаты есебінен 2020 жылдың қараша айында 3 147 626 теңге сомасында берешек өтелді. Қызметкерлерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша 1 600 656 теңге сомасында берешек, 45 962 теңге сомасында кәсіби жарналар, 3 928 808 теңге зейнетақы аударымдары, 1 299 695 теңге әлеуметтік аударымдар аударылды.
2021 жылы 1-С бухгалтерия бағдарламасы орнатылды, ай сайын қызметкерлерге есеп айырысу парағы беріледі. Бүгінгі таңда жалақы, жарналар және барлық аударымдар уақтылы төленеді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде Есіл аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын қорғау, білім және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Есіл аудандық мәдениет үйі» МКҚК (М. Ж. Байтеміров):
Тұрақты комиссияның
төрағасы Б. Баймұратов