Есіл аудандық мәслихатының шешімдерінің күшін жою туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

2022 жылғы 17 тамыз                                                                           № 29/8

Есіл қаласы                                                                                                

 

 

Есіл аудандық мәслихатының

шешімдерінің күшін жою туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабына сәйкес және Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 шілдедегі № А-7/130 қаулысы негізінде, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Есіл аудандық мәслихатының шешімдері осы шешімнің қосымшасына сәйкес жойылсын.
  2. Шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Есіл аудандық

      мәслихатының хатшысы                                                      С. Ағымбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есіл ауданы әкімдігінің

2022 жылғы 17 тамыздағы

№ 29/8 шешіміне

қосымша

 

 

Есіл аудандық мәслихатының күшін жоюға жататын кейбір шешімдерінің тізбесі

 

  1. Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы «Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» № 45/8 шешімі;
  2. Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 45/8 «Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» 2020 жылғы 27 наурыздағы № 68/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі;
  3. Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 45/8 «Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 69/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі.

 

 

 

Дата публикации
06 сентября 2022