Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2022 жылғы 17 тамыз № 29/4
Есіл қаласы
Есіл ауданы әкімдігі
жанындағы жер
комиссиясының
құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 15-бабы 1-тармағының 5-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № а-8/140 қаулысының негізінде, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамы және ол туралы ереже 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
- Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 мамырдағы № 6/9 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешімі жойылсын.
- Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Есіл аудандық
мәслихатының хатшысы С. Ағымбаева
Есіл аудандық мәслихатының
2022 жылғы 17 тамыздағы
№ 29/4 шешіміне
1 қосымша
Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссияның құрамы
|
Мақсұмхан
Асқарбек Мақсұмханұлы
|
Есіл ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
|
|
Жүнісов
Асылхан Теміртасұлы
|
«Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы,
комиссия төрағасының орынбасары
|
|
Дүзелбай
Үміткер
|
«Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы,
комиссия хатшысы
|
|
Комиссия мүшесі:
|
|
Ахметов
Мұрат Сапарбекұлы
|
«Иран» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісімі бойынша)
|
|
Балданов
Дамир Сәруәрұлы
|
Есіл аудандық мәслихатының депутаты (келісімі бойынша)
|
|
Даулыбаев Нұрлан Қалыұлы
|
«NURYM» шаруа қожалығының басшысы
(келісімі бойынша)
|
|
Жұмабаева Айнұр Қоңқашқызы
|
«Айнур» жеке кәсіпкер
(келісімі бойынша)
|
|
Қыстаубаев Бари Нәбиұлы
|
Есіл қаласының жергілікті қоғамдастықтың мүшесі (келісімі бойынша)
|
|
Неволина Марина Леонтьевна
|
Есіл қаласының жергілікті қоғамдастықтың мүшесі (келісімі бойынша)
|
|
Сәдуақасов
Исламбек Сақтапбергенұлы
|
«Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
|
|
Тойшыбеков
Байділла Жорабекұлы
|
«Есіл ауданының құрылыс, сәулет және
қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
|
|
Югай
Руслан Вячеславович
|
Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының Есіл аудандық филиалының директоры,
(келісімі бойынша)
|
Есіл қаласының (әкімнің міндетін атқарушы) әкімі, Красногорский кентінің (әкімнің міндетін атқарушы) әкімі, Есіл ауданының ауылдар мен ауылдық округтерінің (әкімдердің міндетін атқарушы) әкімдері және жергілікті қоғамдастық жиналысымен берілген Есіл ауданының Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдар мен ауылдық округтердің жергілікті тұрғындарының өкілдері комиссия мүшелері болып табылады және оларға ведомстволық бағыныстағы қаланың, кенттің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімшілік-аумақтық шекараларындағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес, жер учаскелерін берген жағдайда қатысады
Есіл аудандық мәслихатының
2022 жылғы 17 тамыздағы
№ 29/4 шешіміне
2 қосымша
Есіл ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясы туралы ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
- Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы туралы осы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
- Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) өз құзыреті шегінде Ақмола облысы Есіл ауданының аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
- Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ жер қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
2 тарау. Комиссияның функциялары мен құқықтары
- Комиссияның функциялары жер учаскелеріне құқық беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындылар дайындау болып табылады.
- Комиссияның өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан жер учаскесінің болуы немесе болмауы туралы, жер учаскесіне ауыртпалық салу туралы, заңды тұлғаларда жарғылық капиталда шетелдіктердің үлесінің болуы немесе болмауы туралы, су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану режимі туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқығы бар.
3 тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
- Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
- Комиссия құрамы Кодекстің 43-бабына сәйкес айқындалады.
- Комиссия төрағасы Ақмола облысы, Есіл ауданы әкімінің жер мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары болып табылады.
- Төраға комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы Ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
- Комиссия Төрағасы:
1) отырыстарды шақырады;
2) Комиссия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
3) Комиссия жұмысын жоспарлайды;
4) Комиссия отырыстарында төрағалық етеді.
- Комиссия төрағасының орынбасары:
1) отырыстарды шақырады;
2) Комиссия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
3) Комиссия жұмысын жоспарлайды;
4) Комиссия төрағасы болмаған жағдайда, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді.
- Комиссия Мүшелері:
1) ұсынылған материалдармен танысады;
2) Комиссия отырысында қарауға жататын мәселелерді қарайды және тиісті шешім шығаруға қатысады;
3) отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттіктерін басқа адамдарға бермейді.
- Комиссия Хатшысы:
1) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
2) комиссия отырысын өткізу күні мен орны туралы Комиссия мүшелерін хабардар етеді;
3) отырысты өткізу үшін материалдар дайындауды жүзеге асырады, Комиссия отырысының хаттамасын және комиссия отырысының қорытындысын ресімдейді;
4) Комиссия мүшесі болып табылмайды.
- Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары саласындағы тиісті уәкілетті органы (бұдан әрі – жұмыс органы) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссия хатшысының міндеттері Жұмыс органының маманына жүктеледі.
- Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін күнін, уақыты мен орнын Комиссия төрағасы айқындайды.
- Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастыруды, комиссия мүшелерін шақыруды, комиссия қорытындыларының жобаларын дайындауды және басқа да қажетті іс-шараларды Жұмыс органы қамтамасыз етеді.
- Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Бұл ретте қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдардың және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысып отырған өкілдерінің саны жер комиссиясының қатысып отырған мүшелері жалпы санының кемінде елу пайызын құрауға тиіс. Жер комиссиясының мүшелері оның отырысына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
- Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысып отырғандардың жалпы санының жер комиссиясы мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады және егер оған жер комиссиясы мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі.
- Комиссия отырысы аудио -, бейнежазба құралдарының көмегімен міндетті түрде тіркеледі. Жер комиссиясының отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен тіркеуді Ақмола облысы, Есіл ауданының жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
- Комиссияның қорытындысы жұмыс органы сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты комиссияға берген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады.
- Комиссияның оң қорытындысының бір данасы жерге орналастыру жобасын дайындау үшін өтініш берушіге бес жұмыс күні ішінде беріледі.
4 тарау. Қорытынды ережелер
- Комиссиясының хаттамалық шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Сотқа арыз беру комиссияның хаттамалық шешімінің орындалуын тоқтата тұрады.
- Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету әкімнің тиісті аппаратына жүктеледі.