Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 17/2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

2022 жылғы 17 тамыз                                                                          № 29/2

Есіл қаласы               

 

 

Есіл аудандық мәслихатының

2021 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 17/2 «2022-2024 жылдарға

арналған аудандық бюджет

туралы» шешіміне өзгерістер

енгізу туралы

 

 

Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Есіл аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 17/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26081 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5910001,9 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 613058 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 7233,1 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8834,4 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5280876,4 мың теңге;

2) шығындар – 6197270,2 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – (- 170661) мың теңге, оның ішінде:

         бюджеттiк кредиттер – 4595 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 175256 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 34452 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 34452 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 151059,3) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 151059,3 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4, 5, 6, 7 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Есіл аудандық

мәслихатының хатшысы                                                  С. Ағымбаева

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Есіл ауданының әкімі

________________Е. Баяхметов

17 тамыз 2022 жыл

 

 

 

 

Дата публикации
06 сентября 2022