Есіл ауданының әкімдігі
Есіл қаласы
21 шілде 2022 жыл
Қаулы № а-7/132
Есіл аудандық мәслихаты
Есіл қаласы
21 шілде 2022 жыл
Шешім № 28/4
Есіл ауданы елді мекендерінің
құрамдас бөліктерін қайта атау
жөнінде ұсыныстар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау кезінде тиісті аумақтың халқына, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы шешім қабылдады, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Элеваторная және СПТУ-4 көшелерін Шайдахмет Серғазин көшесіне;
Садовая көшесін Береке көшесіне;
Молодёжная көшесін Батырхан Шүкенов көшесіне;
Мичурина көшесін Томирис көшесіне;
Рассветная көшесін Рауан көшесіне;
Степная көшесін Ұлы дала көшесіне;
Октябрьская көшесін Әбілхан Қастеев көшесіне;
Целинная көшесін Ахмет Байтұрсынов көшесіне;
Солнечная көшесін Шуақты көшесіне;
Животноводическая көшесін Малшаруашылық көшесіне;
Промзона көшесін Өнеркәсіп көшесіне;
Больничный тұйық көшесін Ақниет тұйық көшесіне;
Почтовый тұйық көшесін Ақжол тұйық көшесіне;
Каракольская көшесінің атауы Қаракөл көшесіне транскрипциясы өзгертілсін;
Вокзальная көшесін Жамбыл Жабаев көшесіне;
Школьная көшесін Амангелді Иманов көшесіне;
Зелёная көшесін (Щебзавод кентінде) Лев Гумилёв көшесіне;
Новая көшесін Болашақ көшесіне;
Карьерная көшесін Есіл көшесіне;
Октябрьская көшесін Қызғалдақ көшесіне;
Чапаев көшесін Сәкен Сейфуллин көшесіне;
Пролетарская көшесін Жағалау көшесіне;
Автомобилистов көшесін Арман көшесіне;
Советская көшесін Жайлау көшесіне;
Элеваторная көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне;
Зелёная көшесін Атамекен көшесіне.
Есіл
ауданының әкімі Е. Баяхметов
Есіл аудандық
мәслихат хатшысы С. Ағымбаева