Есіл ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 2022 жылғы 21 шілде                                                                          № 28/2

Есіл қаласы                                                                                                

 

Есіл ауданы әкімінің өзіне

жүктелген функциялар мен міндеттердің

орындалуы жөніндегі есебі туралы

 

Есіл ауданының әкімі Еркебұлан Еркешұлы Баяхметовтың есебін тыңдап, талқылаған аудандық мәслихат ауданның атқарушы органдарының қызметі халықтың экономикалық тұрақтылығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Шығарылатын өнеркәсіп өнімінің көлемі 1731,9 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылға қарағанда 104,1% - ды құрады.

Ауыл шаруашылығының өндірілген жалпы өнімінің құны 3518,6 млн. теңгені құрайды.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 100,8% - ды құрады. Негізгі капиталға инвестициялар 2994,3 млн. теңгені немесе 2021 жылға 52,6% құрады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 1307,1 млн. теңгені немесе 2021 жылға 138,4% құрады. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 108,2 млн.теңгені немесе 2021 жылға 196,6%  құрады. 1186 ш.м. немесе 2021 жылға қарай 137% тұрғын үй пайдалануға берілді.

Мемлекеттік бюджетке салық түсімдері 108,1% - ға орындалды (жоспар бойынша 1389,8 млн.теңге факті – 1501,9 млн. теңгені құрады). Өсу қарқыны 111,5% құрады.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша ауданның инфрақұрылымын дамытуға 506,6 млн.теңге бөлінді (45,7 млн. теңге игерілді). Оның ішінде Заречное ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға, Жаныспай ауылының ішкі жолдарын орташа жөндеуге, Красивое, Юбилейное, Бұзылық, сондай-ақ Бұзылық ауылындағы балалар спорттық-сауықтыру алаңын жайластыруға.

Жоғары тұрған бюджет қаражаты есебінен 1 241,9 млн.теңге бөлінді (378,2 млн. теңге игерілді). Оның ішінде Свободное ауылының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысына, Ақсай ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға, Есіл қаласында 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына, шағын аудан мекенжайы бойынша орналасқан 45 пәтерлі төрт тұрғын үйге инженерлік желілер салуға және абаттандыруға. Есіл қаласының солтүстігі, Знаменка және Курское ауылдарының кентішілік жолдарын орташа жөндеу, Есіл қаласының көше-жол желісін орташа жөндеу және Есіл қаласында жаяу жүргіншілер жолын жайластыру, Есіл қаласының автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу (шұңқырларды жөндеу), Есіл қаласының Өндіріс көшесінің асфальтбетон жабынын орташа жөндеу, Есіл қаласында жасанды жабындысы бар хоккей кортын орнату, Есіл қаласының аумағын абаттандыру, Есіл қаласының көше баскетбол алаңын абаттандыру, қаладағы 2 спорттық-сауықтыру алаңын жайластыру және абаттандыру. Есіл қаласы аумағында 25 дана қоқыс алаңдарын дайындау және монтаждау, Есіл қаласы Тәуелсіздік көшесінің көше-жол желісін орташа жөндеу, «Есіл ауданы Заречное ауылында мал қорымын салуға» жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу.

Мемлекеттік бюджетке салық түсімі 108,1% – ға орындалды (жоспар – 1389,8 млн.теңге, нақты-1501,9 млн. теңге). Мемлекеттік бюджеттің өсу қарқыны 111,5% - ды құрады. Республикалық бюджет 105,1% орындалды (жоспар – 467,2 млн.теңге, нақты – 491,0 млн. теңге), облыстық бюджет – 104,6% (жоспар – 486,7 млн. теңге, нақты – 509,2 млн. теңге, аудандық бюджет – 115,1% (жоспар – 435,9 млн. теңге, нақты – 501,7 млн. теңге).

Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 01.07.2022 жылға 1,5% - ды, жалпы жұмыссыздық 2,9% - ды құрайды. Есепте 203 жұмыссыз тұр.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Есіл ауданының әкімі Е. Е. Баяхметовтың есебі бекітілсін.
  2. Мемлекеттік бағдарламалардың іс-шараларын іске асыру және экономиканың негізгі салаларының өсу қарқынын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың оң жұмысын атап өту.
  3. Есіл қаласының, ауылдардың, ауылдық округтердің, Красногорский кентінің әкімдеріне, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшыларына ұсынылсын:
  • ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне және мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жеткізілген индикаторларына қол жеткізуді бақылауда ұстау, экономикалық әлеуетті біртіндеп арттыруды қамтамасыз ету;
  • азық-түлік тауарлары мен бірінші кезекте қажетті тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
  • инфрақұрылым объектілерін салу және реконструкциялау жөніндегі барлық белгіленген жұмыстарды жоспарланған мерзімде аяқтау;
  • бюджет қаражатының уақтылы игерілуін, олардың нысаналы пайдаланылуын және бюджет заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
  1. Шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Есіл аудандық

мәслихатының хатшысы                                                     С. Ағымбаева

Дата публикации
08 августа 2022