Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 52/9 «Есіл ауданы әкімдігі жанынан қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 

2022 жылғы 21 маусым                                                                     № 27/3

Есіл қаласы                                                                                                

 

 Есіл аудандық мәслихатының

2016 жылғы 10 наурыздағы

№ 52/9 «Есіл ауданы әкімдігі

жанынан қылмыстық жазаны

және қылмыстық-құқықтық

ықпал етудің өзге де шараларын

атқаратын мекемелер мен

органдардың қызметіне жәрдемдесу,

сондай-ақ қылмыстық жазасын

өтеген адамдарға әлеуметтік және

өзге де көмекті ұйымдастыру

жөніндегі комиссия құрамын

бекіту туралы» шешіміне өзгерістер

енгізу туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № а-6/115 қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 52/9 «Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне сәйкес келесі өзгерістер жүзеге асырылады. Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 8/8, 2017 жылғы 21 қарашадағы № 20/10, 2018 жылғы 18 қазандағы № 36/3, 2018 жылғы 19 қазандағы № 36/3, 2019 жылғы 1 шілдедегі № 45/4, 2020 жылғы 1 шілдедегі № 73/5, 2021 жылғы 25 маусымдағы № 8/3, 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 19/7  шешіміне келесі өзгерістер енгізіледі:

           комиссия құрамына енгізілсін:

          Томтаев Мұхтар Рахимжанұлы – Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Есіл аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері, комиссия мүшесі (келісім бойынша);

          Е.А. Жаркенов құрамнан шығарылсын;

          көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Есіл аудандық

мәслихатының хатшысы                                                  С. Ағымбаева

 

 

 

 Есіл аудандық мәслихаттың

2022 жылғы 21 маусымдағы

№ 27/3 шешіміне

1 қосымша

 

            Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрамы

 

Саматов

Нұрлан Мажитұлы

 

аудан әкімінің орынбасары,

комиссия   төрағасы

 

Балашова

Инна Александровна

Есіл ауданының пробация қызметі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

(келісім бойынша)

 

Кулиш

Татьяна Викторовна

«Есіл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы

 

Комиссия мүшелері

 

Айтмұхамбетов

Ғазиз Мұхитұлы

 

Есіл ауданы Есіл қаласының әкімі

Ахметжанов

Талғат Рашитұлы

«Есіл ауданының спорт және дене тәрбиесі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

Байғалым

Бейбітгүл

 

«Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

Томтаев Мұхтар Рахимжанұлы

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Есіл аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері

(келісім бойынша)

 

 

Жортымбаев

Самат Мадиұлы

Есіл аудандық мәслихатының депутаты

(келісім бойынша)

 

Зейнулин

Дамир Маратович

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер департаменті Ақмола облысының полиция департаменті Есіл ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, комиссия мүшесі

(келісім бойынша)

 

Полюх

Никита Ростиславович

«Ақмола облысының білім беру басқармасының Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің басшысы

(келісім бойынша)

 

Тынымбаев

Ержан Ермекбайұлы

«Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 июня 2022