Есіл аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Есіл қ. 2022 жылғы 6 мамыр
2022 жылдың жазғы кезеңінде
балалар мен жасөспірімдердің
демалысын, сауықтырылуын
және жұмыспен қамтылуын
ұйымдастыру туралы
«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Р. Полюхтің «2022 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру және жұмыспен қамтылуы» туралы ақпаратын тыңдап тұрақты комиссиялар атап өтті:
Есіл ауданының аумағында тамақпен 22 мектеп жанындағы алаң ашу жоспарлануда, жоспарланған қамту саны - 638 бала, тамақтанусыз 825 оқушыны қамтитын 30 мектеп жанындағы алаң. 1 маусымнан бастап мектеп жанындағы алаңдардың жұмысы офлайн форматта өтеді.
Жазғы демалыс кезінде шығармашылық конкурстар, виртуалды мұражайларға бару, сурет салу конкурстары, вокалдық, би конкурстарын өткізу жоспарлануда.
«Қарлығаш» қала сыртындағы сауықтыру кешені» КММ-нің ашылуы биыл жоспарланбайды, өйткені оны ұстауға ақша қаражаты бөлінбейді.
Жалпыға міндетті оқу қорынан бөлінетін қаражат қала сыртындағы лагерьлерге жолдамалар сатып алуға бағытталатын болады.
52 мектеп жанындағы алаң 6 жастан 10 жасқа дейінгі 1463 бала үшін жұмыс істейтін болады.
6 жастан 16 жасқа дейінгі 378 оқушы өз бетінше және ата-аналарымен сауықтырудың басқа түрлерімен айналысады.
Шатырлы, киіз үй, спорттық, өлкетану лагерьлерінде-11-16 жас аралығындағы 189 оқушы.
Еңбек және жөндеу-құрылыс жасақтарында-11-16 жас аралығындағы 589 оқушы.
Экологиялық отрядтар мен көгалдандыру бригадаларында - 11-16 жас аралығындағы 661 оқушы.
Аула клубтарында 11-ден 16 жасқа дейінгі 106 оқушы бар.
Қызығушылықтары бойынша үйірмелер-6 жастан 16 жасқа дейінгі 165 оқушы.
Жазғы тіл мектептері - 6-16 жас аралығындағы 92 оқушы.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде Есіл аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-2022 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын әр түрлі қаражат есебінен ұйымдастыру және өткізу: жергілікті бюджеттерде, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде, сондай-ақ ата-аналар төлемі есебінен қарастырылған;
- жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, көп балалы, қолайсыз, толық емес отбасылардан шыққан балалардың демалысын және сауықтырылуын бірінші кезекте ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
- жазғы демалыс кезеңінде мектептен тыс ұйымдарда үйірмелердің жұмысын қамтамасыз ету;
балалардың сауықтыру алаңдарында, оқу орындарында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру кезінде балалардың өмірі мен денсаулығының сақталуын, сондай-ақ өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
«Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б. Байғалым):
- жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын өткізуге мәдениет ұйымдарының қатысуын қамтамасыз ету;
- Есіл ауданының білім беру бөлімімен бірлесіп, балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын дайындау және өткізу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет ресурстарында жарияласын.
Есіл санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы (Т.М. Мұхаметоваға)
-балалардың тамақтануын ұйымдастыруды, мектеп жанындағы балалар алаңдарының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын тұрақты бақылауда ұстау.
Ақмола облысының полиция департаменті Есіл ауданының полиция бөліміне (А.С. Метаевқа)
- жазғы демалыс кезінде жолдар мен көшелерде балалардың жарақаттануын төмендететін алдын алу шараларын қабылдау.
Тұрақты комиссияның төрайымы Л. Клименко