«Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Есіл аудандық Жастар ресурстық орталығы» КММ жұмысының тиімділігі туралы

Есіл аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 Есіл  қ.                                                                   2022 жылғы 6 мамыр 

 

 

«Есіл ауданының ішкі саясат,

мәдениет және тілдерді дамыту

бөлімінің Есіл аудандық Жастар

ресурстық орталығы» КММ

жұмысының тиімділігі туралы

 

«Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Есіл аудандық Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының міндетін атқарушы Г. Исатайдың «Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Есіл аудандық Жастар ресурстық орталығы» КММ жұмысының тиімділігі туралы» ақпараты тыңдалды:

          «Есіл ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ, Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қазандағы № а-10/432 қаулысымен құрылды.

         Ресурстық орталықтың штаттық саны 6.5 бірлікті, нақты - 5.5 бірлікті құрайды.

         2021 жылы қаржыландыру - 8 098 000 млн.теңге, оның ішінде іс-шараларға 330 500 теңге жұмсалды.

         2022 жылы қаржыландыру - 9 725 000 млн.теңгені құрайды, оның ішінде іс - шараларға-532 000 теңге.

Волонтерлік қызмет үш жобаны іске асыру арқылы кеңеюде. «Игі істер марафоны», сондай-ақ біздің ауданда «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 ұзақ мерзімді жоба жүзеге асырылды.

«Таза аудан» жобасы аясында Қызыл Су және Есіл өзендерінің жағалауларына сенбіліктер ұйымдастырылды, еріктілер өзен жағалаулары мен қалалық жағажайларды тазалады. Бұдан басқа, Жастар ресурстық орталығы, қолдауға ие болды және қалалық сенбіліктер ұйымдастырылды. Үшінші волонтерлік жоба «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы болып табылады, онда қарт адамдарға, зейнеткерлерге көмек көрсетіледі.

         Жастар ресурстық орталығы ағымдағы жылы «Jm Foods» ЖШС-мен, «Тней-Агро» ЖШС-мен меморандум жасасты.

         «Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» Есіл ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ материалдық-техникалық базаны нығайтуға, сондай-ақ іс-шараларға 1,5 млн. теңге сомасында қосымша ақшалай қаражатқа мұқтаж, үй-жайға мұқтаж, қазіргі уақытта алып отырған алаңы бар болғаны 26,04 ш. м. құрайды.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Есіл аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Есіл аудандық Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының міндетін атқарушы Ғ. Исатай «Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Есіл аудандық Жастар ресурстық орталығы» КММ жұмысының тиімділігі туралы ақпарат назарға алынсын.

2.АТАП: Есепті кезеңде ауданда Есіл ауданы жастарының әлеуметтік, мәдени, рухани және физикалық дамуын іске асыру мақсатында 100-ден астам түрлі іс-шаралар өткізілді.   Есепті кезеңде 2500-ден астам адам қамтылды.            

         3.ҰСЫНЫЛСЫН: «Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Есіл ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ (Ғ. Исатай):

1). Жастарды әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық - саяси өмірге қатыстыра отырып, ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша мақсатты жұмыстарды одан әрі жүргізу, іс-шараларды ұйымдастыру:

- азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу бойынша;

- талантты жастарды дамытуға жәрдемдесу бойынша;  

- құқықтық және экологиялық мәдениет деңгейін арттыру бойынша;

- салауатты өмір салтын насихаттау бойынша;

2). 14-29 жас аралығындағы жастармен жұмысты күшейту, бұл ретте жұмыс істемейтін санатқа ерекше назар аудару қажет;

3). Ауданда жұмыс істейтін жастар қоғамдық ұйымдарының жұмысын жандандыру, жастар саясаты саласындағы іс-шаралар кешенін іске асыру үшін гранттар алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

4). Тұрақты комиссияның ұсынымдарын іске асыру шеңберінде жүргізілген жұмыс туралы ақпаратты аудандық мәслихатқа а. ж. 4 тоқсанында одан әрі тыңдау үшін ұсынсын.   

 

 

    Тұрақты комиссияның төрайымы                                  Л. Клименко

 

         

                 

   

 

 

Дата публикации
30 мая 2022