Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2022 жылғы 18 мамыр № 25/2
Есіл қаласы
2021 жылға арналған аудандық
бюджеттің, Есіл қаласының,
Красногорский кентінің,
ауылдар мен ауылдық округтердің
бюджеттерінің атқарылуы туралы
жылдық есепті бекіту туралы
Есіл ауданы әкімінің 2021 жылға арналған аудандық бюджеттің, Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есебін тыңдағаннан кейін, Есіл аудандық мәслихаты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен 2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша тиісті жұмыс жүргізілгенін атап өтеді.
Ауданның 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша шығарылатын өнеркәсіп өнімінің көлемі 3300,4 млн.теңгені құрады. Өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылға қарағанда 108,6% - ды құрады.
Ауыл шаруашылығының өндірілген жалпы өнімінің құны 39271,7 млн.теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі – 80,6% (2020 жылы – 104,6%).
Негізгі капиталға инвестициялар 10817,2 млн.теңгені немесе өткен жылға 106,5% құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2807,0 млн. теңгені немесе 2020 жылға 110,6% құрады.
Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 253,9 млн.теңгені немесе 2020 жылға қарай 34,5% - ды құрады. 3535 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 53,6%.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1190 бірлікті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 97,5% құрады.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 7036,1 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі өткен жылға қарағанда 97,6%.
Инфрақұрылымды дамытуға жоғары тұрған бюджет қаражаты есебінен:
- Есіл қаласында инженерлік желілермен тұрғын үйді сатып алу - 343,1 млн. теңге;
- Есіл қаласында 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы-100,0 млн. теңге;
- «Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы» ШЖҚ МКК жарғылық капиталын ұлғайтуға-79,3 млн. теңге;
- Есіл қаласын абаттандыру - 73,9 млн. теңге;
- автомобиль жолдарын жөндеу-157,0 млн. теңге.
Ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін:
- Ақсай ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға - 230,2 млн. теңге;
- «Красивинский ауылдық округі және Знаменка ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту» жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеуге - 14,0 млн.теңге.
Жұмыспен қамту саласында тұрақты жұмыс орындарына 450 адам жоспар бойынша, 494 адам жұмысқа орналастырылды.
Қысқа мерзімді оқыту бойынша механизатор, аспаз мамандығы бойынша 16 адам (жоспар 15) оқудан өтті. Оның ішінде 13 адам жұмысқа орналастырылды.
«Бастау бизнес» оқыту бойынша 89 адам жіберілді (жоспар 60). Шағын несиелерді Ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламасының 7 қатысушысы алды. 30,9 млн.теңге сомасына 64 грант (жоспар - 30) берілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 13 адам (жоспар - 12), жастар практикасына 23 адам (жоспар - 20), қоғамдық жұмыстарға 154 жұмыссыз (жоспар - 110) жіберілді.
Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,5 %, жалпы жұмыссыздық 2,5% құрайды. Есепте 204 жұмыссыз тұр.
Ауданның түзетілген бюджеті кірістер бойынша 5 348 487,9 мың теңгені (102,4%), оның ішінде меншікті кірістер бойынша – 791 612,6 мың теңгені (жоспарға 116,2%), ресми трансферттер бойынша – 4 556 875,3 мың теңгені (100%), шығындар бойынша – 5 408 883,1 мың теңгені (100%)құрады, бос қалдықтар-67 318,6 мың теңге.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген 3 білім беру маманына бюджеттік кредиттер берілді.
Мемлекеттің қаржы активтерін сатып алу «Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы» ШЖҚ МКК жарғылық капиталын ұлғайту жолымен 3 дана арнайы техника (экскаватор тиегіш, фронтальды тиегіш, борт УАЗ фермері) және жылумен жабдықтауға арналған 3 сорғы сатып алуға 79334,0 мың теңге сомасында жүргізілді.
2021 жылдың басында бюджет қаражатының бос қалдықтары 39 729,3 мың теңгені құрады және пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтаруға, су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге, аудандық маңызы бар жолдарды қысқы күтіп-ұстауға, сумен жабдықтау жүйесінің сапалы жұмыс істеуі үшін тереңдік сорғыларын сатып алуға және басқаларға бағытталды.
2022 жылғы 1 қаңтарға кредиторлық берешек жыл басымен салыстырғанда азайғанын және растайтын құжаттардың кеш берілуіне байланысты коммуналдық төлемдерді төлеу бойынша 27,5 мың теңгені құрағанын атап өту қажет.
2021 жылы меншікті кірістердің 2020 жылмен салыстырғанда 3252,5 мың теңгеге ұлғаюы байқалады.
Сонымен қатар, Есіл аудандық мәслихаты мемлекеттік органдар жергілікті бюджет кірістерін негізді жоспарлауды және сапалы орындауды толық көлемде қамтамасыз етпейтінін атап өтті.
Өткен жылдардың дебиторлық берешегінің сомасы жоғары болып қалуда-145 649,5 мың теңге.
Аудан аумағын дамыту бағдарламасының жекелеген нысаналы индикаторларына қол жеткізбеуіне және 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының жекелеген іс-шараларының орындалмауына байланысты орындалуы 89% құрады, яғни 36 нысаналы индикатордан 32 орындалды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша ауданда жекелеген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өсім байқалғанына қарамастан, келесі көрсеткіштер бойынша нәтижелерге қол жеткізілмеді:
- ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі – 80,6 % (2020 ж. – 104,6 %), оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 32 112,7 млн. теңге (НКИ -77,7%), мал шаруашылығы - 7 146,6 млн. теңге (НКИ-96,9%);
- тұрғын үй құрылысына инвестициялар 253,9 млн. теңгені немесе өткен жылға 34,5% құрады;
- кәсіпкерлікті дамыту - жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 1 190 бірлікті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 97,5% құрады;
- бөлшек сауда-бөлшек тауар айналымының көлемі 7 036,1 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі өткен жылға қарағанда 97,6%.
2021 жылдың қорытындысы бойынша ауданның меншікті табысының үлес салмағы (салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер) барлық түсімдерден 16,8% құрады. Бұдан келіп шығатыны, меншікті табыс ауданның міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз, яғни трансферттерге қажеттілік бар. 2021 жылдың қорытындысы бойынша барлық түсімдерден жоғары тұрған бюджеттен түсетін субвенциялар мен трансферттердің үлесі 83,2% - ды құрады.
Ауылдық округтер әлі күнге дейін субвенциялар мен трансферттерге тәуелді, шағын салықтық түсімдері (жер салығы, мүлік салығы, көлік салығы) аз қоныстанған пункттер болып табылады.
Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 3 721,5 мың теңгені немесе 5,7% – ды құрады (жоспар-65 198,1 мың теңге).
«Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы» ШЖҚ МКК жіберілген бюджет қаражаты қаржылық нәтижені жақсартуға мүмкіндік бермеді, өйткені кәсіпорын 2021 жылдың қорытындысы бойынша 462 431,0 мың теңге сомаға шығынмен жұмыс істеді.
Бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілерінің дебиторлық берешегінің болуы бюджет қаражатын пайдаланудың сенімділігіне әсер етті, ал өткен жылдардың дебиторлық берешегін өтеу бойынша қабылданған шаралар нәтижелерге әкелген жоқ.
Жекелеген нысаналы индикаторларға қол жеткізбеуге байланысты облыстың даму жоспарының жоғарыда көрсетілген мақсаттарына толық көлемде қол жеткізбеу фактісін атап өткен жөн. 2021 жылға жоспарды іске асыру мониторингінің қорытындысы бойынша орындалуы 73,7% құрады, яғни 61 нысаналы индикатордан 45 орындалды.
Орындаушы мемлекеттік органдар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру сапасын толық көлемде қамтамасыз етпеген. Сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды іске асыру қорытындылары бойынша жекелеген әкімшілердің бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізбеуі орын алады.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 132-бабы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2021 жылғы Есіл ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есебінің негізінде, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) кірістер – 5 703 517,1 мың теңге, оның ішінде;
салықтық түсімдер - 760 313,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 10 238,6 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер-21 061,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері-4 911 904,5 мың теңге;
2) шығындар - 5 763 912,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - (- 60 823,1) мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 4 375,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу-65 198,1 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 79 334,0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 79 334,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - (- 78 906,1) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 78 906,1 мың теңге.
Есіл қаласы бойынша:
1) кірістер – 177 939,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 55 169,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер-44,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 122 726,5 мың теңге;
2) шығындар-181 019,4 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) Бюджет тапшылығы (профициті) – (- 3 079,9) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 079,9 мың теңге.
Ақсай ауылы бойынша:
1) кірістер – 19 150,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-2 715,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 51,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 16 384,7 мың теңге;
2) шығындар-20 843,9 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) Бюджет тапшылығы (профициті) – (- 1 693,2) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 693,2 мың теңге.
Бұзылық ауылдық округі бойынша:
1) кірістер – 54 566,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-6 035,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 222,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 48 309,0 мың теңге;
2) шығындар-54 566,0 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) Бюджет тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге.
Двуречный ауылдық округі бойынша:
1) кірістер – 18 397,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-2 726,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері-15 671,4 мың теңге;
2) шығындар-23 345,2 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 4 947,8) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 947,8 мың теңге.
Жаныспай ауылдық округі бойынша:
1) кірістер – 17 674,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-2 812,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері-14 862,3 мың теңге;
2) шығындар-20 485,2 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) - (- 2 810,9) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 810,9 мың теңге.
Заречный ауылдық округі бойынша:
1) кірістер – 22 574,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-3 007,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 16 189,0 мың теңге;
2) шығындар-22 574,8 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге.
Знаменка ауылы бойынша:
1) кірістер – 14 337,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 723,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер-49,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 13 565,6 мың теңге;
2) шығындар-15 187,4 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 849,8) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 849,8 мың теңге.
Интернациональный ауылдық округі бойынша:
1) кірістер – 15 468,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-1 464,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері-14 004,2 мың теңге;
2) шығындар-16 251,2 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) - (- 783,0) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 783,0 мың теңге.
Қаракөл ауылдық округі бойынша:
1) кірістер – 16 249,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-1 465,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері-14 784,0 мың теңге;
2) шығындар-17 665,5 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 1 416,5) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 416,5 мың теңге.
Красивинский ауылдық округі бойынша:
1) кірістер – 33 233,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-3 780,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер-352,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері-29 101,9 мың теңге;
2) шығындар-36 751,7 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 3 517,8) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 517,8 мың теңге.
Красногорский кенті бойынша:
1) кірістер – 16 848,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-2 074,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері-14 774,9 мың теңге;
2) шығындар-18 244,6 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 1 395,7) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 395,7 мың теңге.
Московский ауылы бойынша:
1) кірістер – 15 596,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-949,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері-14 647,4 мың теңге;
2) шығындар-16 557,0 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 960,6) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 960,6 мың теңге.
Орловка ауылы бойынша:
1) кірістер – 13 840,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 598,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 13 242,9 мың теңге;
2) шығындар-14 570,4 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 729,5) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 729,5 мың теңге.
Свободный ауылдық округі бойынша:
1) кірістер – 25 178,1 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-2 403,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер-65,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері-22 710,1 мың теңге;
2) шығындар-27 504,4 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 2 326,3) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 326,3 мың теңге.
Юбилейный ауылдық округі бойынша:
1) кірістер – 16 449,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер -1 750,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 14 699,5 мың теңге;
2) шығындар-17 258,5 мың теңге;
3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) - (- 809,0) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 809,0 мың теңге.
1) Жергілікті атқарушы органға:
- әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға ең үздік және тиімді қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеуді және орындауды қамтамасыз ету;
- меншікті кірістер үлесін ұлғайту есебінен аудандық бюджеттің, Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттерінің жоғары тұрған бюджетке тәуелділігін төмендету бойынша шаралар қабылдау;
- бюджет қаражатын мақсатты және сапалы пайдаланғаны, жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізгені үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен сұранысты арттыру;
2) «Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
- бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге және нәтижелерге қол жеткізуге, мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру бойынша бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бақылауды күшейту;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне:
- бюджет қаражатын мақсатты және тиімді игеру үшін жеке жауапкершілікті арттыру, кірістер мен шығыстарды жоспарлау сапасын арттыруға бағытталған шараларды қабылдау;
- мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіби деңгейін тұрақты негізде арттыру;
4) «құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» және «тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемелері:
- өткен жылдардың дебиторлық берешегін өтеу бойынша шаралар қабылдау.
Есіл аудандық
мәслихатының хатшысы С. Ағымбаева