Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2022 жылғы 18 мамыр № 25/1
Есіл қаласы
Аудандық мәслихаттың
кезекті сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Келесі күн тәртібі бекітілсін:
- 2021 жылға арналған аудандық бюджеттің, Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдар мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
- Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 17/8 «Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.
Есіл аудандық
мәслихатының хатшысы С. Ағымбаева