Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2022 жылғы 29 сәуір № 23/8
Есіл қаласы
Есіл аудандық мәслихатының
2021 жылғы 15 қаңтардағы № 1/3
«Есіл аудандық мәслихатында
«Nur Otan» партиясы» қоғамдық
бірлестігі Есіл аумақтық
филиалының депутаттық
фракциясын тіркеу туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және «AMANAT» партиясының саяси кеңесі Бюросының 2022 жылғы 10 наурыздағы № 009PQ қаулысы негізінде, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«AMANAT» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы»;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Есіл аудандық мәслихатында «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы тіркелсін.
Есіл аудандық
мәслихатының хатшысы С. Ағымбаева