Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2022 жылғы 29 сәуір № 23/1
Есіл қаласы
Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Келесі күн тәртібі бекітілсін:
- «Есіл ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы».
- «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Есіл ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы»
- «Есіл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы».
- Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 17/9 «Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 8/9 «Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 1/3 «Есіл аудандық мәслихатында «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі Есіл аумақтық филиалының депутаттық фракциясын тіркеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 43/4 «Есіл ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Есіл аудандық
мәслихатының хатшысы С. Ағымбаева